• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2021

50 түп шаған отырғызды

454 рет
көрсетілді

Шетел ғалымдары әлемдегі жүздеген лас қала тізімін анық­таған. Siberian Wellness компаниясының деректері бойынша Норвегия, Швеция, Америка және Жапонияның ғалымдары жүргізген зерттеулерге сәйкес Алматы лас қалалар тізімінде 95-орынды иеленген. Мұнда жылына 29,6 мегатонна көмірқышқыл газының ауаға тарайтыны анықталған.

Осы орайда жасыл желекті алқаптар көлемін арттыру мақ­сатында Siberian Wellness компаниясының өкілдіктері орналасқан елдерде 25 гектар алқапқа ағаш отырғызу жос­парланып отыр. Бұл бастамаға қазіргі уақытта Беларусь, Қыр­ғызстан, Өзбекстан және Мол­дова қосылған. Осы орайда компанияның қазақстандық бө­лімшесі де Алматыда ағаш отырғызуды қолға алды.

Бүгінде Алматыда 2,2 млн-ға жуық жасыл желек, 1 427 гектар жасыл алқап бар. Ма­мандар бір адамды отте­гімен қамтамасыз ету үшін 1,54 ағаштың қажет екенін ай­тады. Ал бір түп ағаш бір көліктен шыққан улы газды бойына сіңіріп, 80 кг зиянды заттар мен 20 кг шаңды бей­тараптандыратын көріне­ді. Осы орайда Siberian Wellness компаниясының өкіл­дері Қа­зақстанда «25 га» нау­қаны­ның аясында кәдімгі шағанның 50 түбін отырғызды.

«Ағаш отырғызуға қолайлы аумақ ретінде Нұркент шағын ауданындағы «Алматы Арена» мұз сарайының маңындағы гүлзар таңдалған. Бүгінде Ала­тау ауданында 250 мыңға жуық адам тұратын болса, Нұр­кент шағын ауданында тұратындардың басым көпші­лігін жастар құрайды. Көлік байланысының тығыздығына қарамастан, бұл ауданда парк­тер мен жасыл желектер саны аз екен», деп атап өтті Siberian Wellness (Қазақстан) ком­па­ниясының менеджері Алия Раптаева.

Аталған шағын аудан ар­қылы Райымбек және Рыс­құлов даңғылдарымен көлік дәлізі өтеді. Райымбек даңғылы Алматы-Бішкек көлік жолына ұласып жатса, Рысқұлов даңғылы 2030 жылға қарай Үлкен Алматы айналма жолымен қосылады. Қалаға кіретін жүк көліктерінің салмағы негізінен осы екі көшеге тү­седі. Ал қалалар мен облыс­тар арасын жалғап жатқан көлік дәлізінен қалаға тарайтын зиянды қалдықтарды жол жиектеріндегі жасыл желектер ғана ұстап қалатыны анық.

Оңтүстік астанада жаңадан отырғызылған көшеттер көк­теп кеткенше, оларды кү­тіп-баптап, аптасына екі рет су­ғарып отыру қажет. Ал әрбір ағашқа кү­тім жасау үшін жылына 5 мың­нан 20 мың теңгеге дейін қара­жат кетеді екен. Осы орайда отыр­ғы­зыл­ған ағаштарға күтім жасау­ды «Алматы-Аре­на» са­райы­ның мамандары өз жауап­кер­шілігіне алып отыр.

 

АЛМАТЫ