13 мамыр күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисінің жаңа Басшысы Фолькер Фробартпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өз сөзінде М.Ахметжанов ЕҚЫҰ Офисінің Басшысын «еківекторлы» бағытта дамып келе жатқан елдің қылмыстық заңнамасын реформалау туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Оның айтуынша, бүгінде елімізде бір жағынан, қауіпті емес қылмыстарды алғаш рет жасағандарға Заңның репрессивтілігі төмендеді, екінші жағынан, ауыр, қауіпті қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді.М.Ахметжановтың айтуынша, еківекторлы тұжырымдама сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйеге де қолданылады. Атап айтқанда, алдын алу жұмыстары күшейтіліп, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жаза қатайтылды. Алдын алу құралдарын қолдануды кеңейту аясында соңғы жылдары бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданды. Қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі институты енгізілді, НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы қалпына келтірілді, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесі бекітілгеннен диффиренциалдыға өзгертілді, квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтердің міндеттілігі бекітілді. Заңнаманы одан әрі жетілдіру туралы айта келе, Агенттік Төрағасы қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде қылмыстық процестің үш буынды моделіне біртіндеп көшу басталғанын атап өтті. Бастапқы кезеңде прокурормен негізгі іс жүргізу шешімдерін келісу енгізілді, бұл М. Ахметжановтың айтуынша, азаматтардың құқықтарын бұзу жағдайларын, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу шеңберіне тартылатын адамдардың санын қысқартады.Жалпы, Антикор басшысының пікірінше, жүргізіліп жатқан саясат өз нәтижесін беруде. Бұған Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі бағасы да дәлел. Нақты айтқанда, сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексінде Қазақстан алғаш рет 38 балл жинап, 19 позицияға (133-тен 94-орынға дейін) көтерілді. Кездесу соңында тараптар одан әрі екіжақты өзара іс-қимыл үшін ортақ бағыттарды белгіледі.