• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Мамыр, 2021

Нұр-Сұлтанда жол апатында көлік аударылды

214 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында жол апатында көлік аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат 15 мамырда таңғы сағат 06.41-де болды. Subaru Forester автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойымен Қажымұқан көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүріп кетіп, Lada маркалы автокөлігіне соқтығысты. Subaru Forester аударылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін жіберілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.