• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 18 Мамыр, 2021

Digital теңсіздік

334 рет
көрсетілді

Цифрландыру саласында тас домалатып, тау көтеріп жатырмыз дегені­мізбен, шынайы әрекет пен жетістіктің күнделікті статистикадан алшақ екенін ішіміз сезеді. Қаланың қақ ортасында жүріп те интернетіміз әлсіреп, қа­рапайым бейнебайланыстың өзі-ақ көп нәрсені әйгілеп береді. Ал мұн­дайда ауылдағы ағайын цифрландыру сер­вистерін тұтынып отыр деудің өзі ұят.

 

Бизнес және қаржы саласында ана­литика жасаумен айналысатын Finprom аймақтар арасында цифрлы сауаттылық бойынша айырмашылық жер мен көктей деп жазады. Төрт облыстың цифрлы сауаттылығы жос­парланған межеге де жетпей қалған. Дегенмен жалпылама алған­да өсу бар. «Цифрлы Қазақ­стан» мем­­ле­кеттік бағдарламасының бас­ты міндеті 2022 жылы халықтың цифр­­лы сауат­тылығын 83 пайызға жеткізу болатын. 2020 жылы 6-74 жас аралығындағы азаматтардың сауат­тылығы 84,1 пайызға жеткен. Ал тө­мен нәтиже көрсеткен өңірлер – Ақмола (74,9 пайыз), Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақ­стан (78,8 пайыз) және Маңғыстау облыстары (79,6 пайыз). Өзге өңірлердегі цифрлы сауаттылық деңгейі 80,9 пайыз бен 91,4 пайы­з аралығында.

Әрине, цифрлы сауаттылық даму үшін де интернетке қолжетімділік керек. Цифрлы даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, DigitEL ұлттық жобасы қазақстандықтарды интернетпен 100 пайыз қамтып қана қоймай, IT салаға келетін инвестиция көлемін де арттырады.

«DigitEL ұлттық жобасы бес бағыт бойын­ша 200 шараны қарастырады. 2021-2025 жылдары жобаның жүзеге асу нәтижесінде халықты интернетпен, денсаулықтың электронды паспортымен 100 пайыз қамту, IT салаға келетін инвестицияны жылына 500 млрд тең­геге, IT өнімдер мен қызметтерінің экспорт көлемін 500 млн долларға, электронды өнеркәсіп өндірісі көлемін 90 млрд теңгеге дейін арттырып, 100 мың жұмыс орнын құрып, өңірлерде 5 IT мектеп ашу көзделген» деген еді министр.