Әлемдік рейтингте 41-орында тұрған қазақстандық теннисисші Юлия Путинцева Сербияның астанасы – Белградта өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жүлде қоры 235 238 АҚШ долларын құрайтын жарыстың тұсаукесер кездесуінде жерлесіміз WTA тізімінде 47-сатыға жайғасқан словениялық Юван Каяны 4:6, 6:2, 6:1 есебімен қапы қалдырған болатын.
Екінші кезеңде Юлияның жолы Ана Конюхпен қиысты. Хорватияның өкілі әлемдік рейтингте 197 орынды қанағат тұтуда. Бірақ біздің теннисшінің оған әлі жетпеді. 1 сағат 24 минутқа созылған бәсеке 6:3, 6:4 есебімен Конюхтың пайдасына шешілді.