Көкшетауда үйінде ағасымен бірге қалған төрт жасар бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 мамырда екінші қабаттың терезесінен баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті.
«Төрт жасар бала 10 жасар ағасымен үйде жалғыз қалған. Осы кезде ата-анасы емханаға кеткен. Үлкен ағасы жуыну бөлмесінде болған кезде, бала өздігінен терезеге көтеріліп, байқаусызда терезеден құлап кеткен. Құлаған баланың жағдайы тұрақты, дене сынықтары мен жарақаттары жоқ», деп атап өтті ведомстводан.