• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Мамыр, 2021

Көрікті шаһарға көшет отырғызылды

503 рет
көрсетілді

«Астана Опера» театры­­ның қамқорлық кеңесінің мүшелері мен театр труп­пасының әртістері, қала тұр­ғын­­дары көшет отыр­­ғыз­ды. Ағаш егіп, ша­һар­дың көркеюіне ат­салысқан азаматтар ха­лықты ауыл-ай­мақ­ты абаттандыру мен кө­гал­дандыруға ша­қыр­ды.

Көшет отырғызу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры­ның директоры, «Астана Опера» қамқорлық кеңесінің төр­айымы Дариға Назарбаева отыр­ғызылған көшеттер тамырын тереңге жайып, бас қаламен бірге өсіп, жайнай берсін деген тілегін арнады.

«Өздеріңіз білетіндей, емен – ұзақ ғұмырдың символы. Орташа өмір сүру ұзақтығы 300-400 жыл. Ал мамыргүл – көпшілік үшін көктемнің, жастықтың, жа­ңарудың нышаны. Көшеттер ғасырлар тоғысында бой көтерген әсем астанамыздың көркіне көрік қосады», деді ол.

500 түп емен ағашы мен мың түп мамыргүл көшетін отыр­ғызуға театр әртістерімен бірге Мә­дениет және спорт минис­трі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұл­тан қаласының әкімі Алтай Көл­гінов, «Астана Опера» қам­қорлық кеңесінің мүшелері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Бас­қарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич атсалысты.  

«Бүгін отырғызылған емен біздің климаттық жағдайға бе­йім­делген. Ал мамыргүл осы өңірде көптеп кездеседі. Сол се­бепті, көшеттер жайқала өсіп, алып бәйтерекке айналып, елор­да тұрғындары мен қала қонақ­тарының жанына сая болады деген үміттеміз», деді «Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері Ғалым Ахмедьяров.