Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнамасы бойынша елімізде отбасылардың 45,9%-ы көппәтерлі үйлерде тұратыны белгілі болды. Алайда жалпы ауданы 405,5 мың шаршы метрді құрайтын 1,8 мың үй апаттық жағдайда тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінгі таңда 1-4 адамнан тұратын отбасылардың біразы көппәтерлі үйлерде, ал 5 және одан да көп адамнан тұратын отбасылар жеке үйлерде тұратыны анықталды. Отбасы мүшелерінің көбі, яғни үш немесе одан көп қонақ бөлмелері бар үйде, 30,5%-ы – екі, 11,1%-ы – бір бөлмелі үйде қоныстанған.
Көбіне халықтың тығыздығы жағынан Алматы (350,9 мың үй), Түркістан (325,5 мың үй) және Шығыс Қазақстан (210,4 мың үй) облыстарында орналасқан. Елдегі үйлердің төрттен бір бөлігі кірпіш пен тастан салынған. Одан өзге, құрылысқа қолданатын материалдардың қатарына монолитті темірбетон және панельдік құрылымдар кіреді. Үйлердің 31,5% 1970 жылға дейін, 8% 1976-1980 жылдары салынып, тағы 7,8% 1986-1990 жылдары бой көтерді.
Алматы облысындағы 332 ғимарат апатты үйлердің қатарына жатады. Осы іспетті тозығы жеткен үйлердің үштігін Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы толықтырып тұр.