• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Мамыр, 2021

Мүгедектігі бар балаларға берілетін жәрдемақы көбейеді

575 рет
көрсетілді

7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бала денсаулығының бұзылу дәрежесін және тыныс-тіршілік әрекетінің шектелуін ескере отырып, заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара балалар ауруының дәрежесіне қарай оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде жәрдемақылар мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7 пайыздан 37 пайызға дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты болады», деді министр.