• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2021

Жандарбек Бекшин: Алматыда эпидемиялық ахуал әлі де күрделі

138 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайын-брифингте қалалықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды. Алматыда әлі де арқаны кеңге салатын кезек емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінде қаланың әлі де «қызыл» аймақта екенін, мутацияланған штаммдардың 84%-ға дейін өскенін еске салды.

«Оның үстіне, мамыр айының соңғы аптасында жұқтыру көрсеткіші төмендегені байқалды, өткен тәуліктерде тіркелген жағдайлар 700-ден 290-300-ге дейін азайған», деп хабарлады Ж. Бекшин.

Алматының Бас санитарлық дәрігері тәуліктің өсімнің 3 есеге дейін азайғанын, ауру көрсеткішінің соңғы 7 күнде 7,7%-ға төмендегенін атап өтті.

«Мамырдың ортасында симптомды сырқаттар қатары азайды, олардың 10%-ға дейін төмендегені байқалды. Алайда, КВИ-дің симпомсыз формасын жұқтырушылардың тіркелуі 12%-ға дейін өсті», деп жалғастырды Ж. Бекшин.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, коронавирустың үшінші толқынының бәсеңдеуіне карантиндік шектеулердің енгізілгені оң әсер еткен. 20%-дық иммундық қабатты қалыптастыру инфекцияның таралуының алдын алды, оның ішінде 14,8%-ы вакциналанған және 5%-ы соңғы жарты жылда ауырып-жазылғандар.

Сондықтан Ж. Бекшин қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз жолы екпе салдыру екенін айтып, вакциналануға шақырды.