Ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде қазақ қызы Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін де өз құрбылары арасында өткен талай дүбірлі додада дараланған Айсамал Өзбекстанның бас шаһарында керемет өнер көрсетті. +87 кило салмақта сынға түскен ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 258 (113+145) килолық зілтемірді еңсеріп, бас жүлдені олжалады.
Ресей спортшысы Виктория Орлова (235 кило) күміспен күптелсе, канадалық Эмма Фризен (215 кило) қолаға қол созды