• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Маусым, 2021

Мәліметтер айналымы туралы келісім қабылданды

166 рет
көрсетілді

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі Гегам Варданян бүгін Минискіде өтіп жатқан «Аймақтық цифрландыру жобаларынан Еуразияның бірыңғай цифрлық нарығына дейін» пленарлық отырысында Еуразиялық экономикалық одақтағы трансшекаралық деректер айналымы туралы халықаралық шарт Одақтың цифрлық нарығының дамуындағы іргелі элемент бола алатынын айтты, деп жазады Egemen.kz ЕЭК таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Іс-шара Минскідегі «EADF-2021» III Еуразиялық цифрлық форумы аясында «TIBO» Халықаралық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар форумы алаңында өтті.

ЕЭК министрі атап өткендей, 2025 Стратегиясының маңызды бағыттарының бірі – Одақтың цифрлық кеңістігін, цифрлық инфрақұрылымдар мен экожүйелерді қалыптастыру.

«Біз Еуразиялық кеңістіктегі барлық ойыншыларға бірдей жағдай туғызатын нақты ережелер әзірлеуіміз керек. Мәліметтерді санатқа бөлу керек»,  деді Гегам Варданян.

Оның айтуынша, бұл бағытта екі жұмыс векторы бар. Бұл трансшекаралық деректер алмасу үшін түсінікті және ашық негіз құра отырып, елдермен жұмыс жасауда. Екінші вектор – бұл Одақ елдерінің және Еуразиялық кеңістікте жұмыс істейтін үшінші елдердің ойыншыларына жағдайларды теңестіру.

Келісімді қабылдау Одақтағы мәліметтер айналымына қатысушылардың құқықтарын қорғаудың жалпы тетіктерін құруға мүмкіндік береді, деп санайды Гегам Варданян. Бизнес жүргізу үшін барлығына бірдей жағдай жасау, ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық бизнестің және азаматтардың мүдделерін қорғай отырып, мемлекеттердің мүдделер тепе-теңдігін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін құралдарды әзірлеу маңызды.

Сонымен бірге Одақ мемлекеттерінің үшінші тұлғалармен жасасқан келісімдері мәліметтер айналымын, цифрлық платформалардың қызметін, мүмкін кейбір қызметтерді реттеудің жалпы принциптері деңгейінде бірыңғай тәртіп ережелерін орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай ережелер Одақ компанияларының басқа елдердің цифрлық кеңістігіне кіру шығындарын азайтуға көмектеседі, бұл өз кезегінде ЕАЭО мемлекеттерінің инновациялық өнімдерінің нарықтарын кеңейтуге әкеледі.

Беларусь Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Константин Шулган цифрлық технологияларды адам өмірінің барлық салаларына енгізу процесі қазіргі заманғы жағдайдағы басты бағыттардың бірі және прогрестің көрсеткіші екенін атап өтті.

«Цифрлық технологиялар әлемдік экономика құрылымын қарқынды түрде өзгертеді. Бұл бір жағынан, қазіргі кездегі технологияларды, сондай-ақ жаңа қызметтерді құру принциптерін өзгертуді қажет етеді. Екінші жағынан, одан әрі дамытудың мүмкіндіктері мен перспективалары кеңейіп келеді», деді Константин Шульган.

Оның айтуынша, қазіргі кезде инновациялық технологияларды қарқынды енгізу арқылы жаңа цифрлық шындыққа көшу үшін заманауи ғылыми әлеуеттің инфрақұрылымдық даму мүмкіндіктерін тиімді пайдалану міндеті тұр.

«Мақсат – цифрландыру, ол жеке салаға айнала отырып, экономиканың нақты секторын жаңа деңгейге шығаруы керек», деп атап өтті Константин Шульган.

Панельдік сессияға Өзбекстан Республикасының ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрі Шухрат Садиков, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Сессияға қатысушылар цифрландыру, экономиканы цифрлық түрлендіру, ЕАЭО шеңберінде цифрлық бастамаларды іске асыруға қатысты мәселелерді қарастырды, сондай-ақ 2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясын талқылады.