• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Маусым, 2021

Өткен тәулікте шетелден 5 153 жолаушы келді

255 рет
көрсетілді

5 маусым күні елімізге халықаралық авиарейстермен 5153 жолаушы келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Македония, Түркия, Грузия, Украина, Беларусь Республикасы,Ресей Федерациясы, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 39 халықаралық әуе рейсі келді. Өткен тәулікте 5 153 авиажолаушы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 20 рейс, 3012 жолаушы; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1172 жолаушы; Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы; Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 164 жолаушы, Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 184 жолаушы, Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, 188 жолаушы, Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 138 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген, деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері.