• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Маусым, 2021

Екінші орынға түсіп қалды

143 рет
көрсетілді

Франция тас жолдарында өтіп жатқан «Критериум Дофине» жарысының алтыншы кезеңінен кейін жалпы есепте көш бастаған казақстандық велошабандоз Алексей Луценко жетінші турдан соң қайтадан екінші орынға түсіп қалды.

Сен-Мартен-ле-Вину мен Ла-Плань қа­лаларын жалғаған таулы кезеңде Bahrain-Victorious командасының өкілі 24 жас­тағы украи­налық Марк Падун мәре сызығын бі­рінші болып кесті. 171.5 ша­қы­­рымға со­зылған қашықтықты ол 4 сағат 35 ми­нут 07 секундта жүріп өтті. Екін­­ші орын­­ды аустралиялық Ричи Порт (Ineos Grenadiers) иеленсе, үздік үштікті «Ас­тана» велокомандасының бұрынғы өкілі колум­биялық Мигель Анхель Лопес түйін­деді. Ал жетінші кезеңде мәре сызығын 10-шы бо­лып кескен Алексей Луценко жалпы есеп­тегі көшбасшылығынан айырылып қалды.

Айта кетейік, жерлесіміз 4-кезеңдегі жекелей жарыста топ жарған болатын. Жарыс кеше мәресіне жетті.