• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Маусым, 2021

Халалдың бәрі адал ма?

939 рет
көрсетілді

Әдетте дүкен мен сауда орындарында кез келген азық-түлік өнімін сатып аларда әуелі «Халал» таңбасы бар-жоқтығына көз жеткізуге тырысатынымыз белгілі. Өйткені бұл сертификаттағы өнімнің таза әрі сапалы екеніне шүбә келтірмейміз. Алайда халалдың барлығы адал ма? Бұл – ойландыратын мәселе.

Малдың азығы адал болуы тиіс

Айталық, сүт өнімдерін алып қа­ра­йық. Діни қағидаға сүйенсек, халал сүт – бұл жеуге рұқсат етілген сүтқоректілерден алынған өнім. Ислам дініне сәйкес оның қатарына түйе, қой, ешкі және ірі қара малы жатады. Демек, әдеттегі түсінігіміздегі сүт өнімдерінің құрамында тыйым салынған компонент жоқ екені күмәнсіз. Тек экзотикалық сүт түрлерін есепке алмағанда, мысалы, есек пен талпақ танау­дан алынатын сүт. Тарихқа көз жүгіртсек, шошқаны сауу күрделі шаруа болғандықтан одан сүт алу мүмкін емес болып көрінетін. Бірақ 2015 жылы голландиялық фермер Эрик Стенинк осы шошқаның сүтін саууды игеріп, одан ірімшік шығару ісін меңгеріп алды. Бұған дейін Сербияда есек сүтінен жасалған ірімшік әлемдегі ең экзотикалық ірім­шік ретінде саналып келді. Бұл ретте халал сүт өнімдерін, оның ішінде ірімшікті өндіру мұқияттылықты талап ететін күрделі іс екенін айта кеткен орынды.

Қош, сонымен егер де ағайын-туыс немесе көршілеріңіз сиырды болмаса ешкіні сауып, бұл төлдермен бір қорада талпақ танаудың тұрмайтынына нық сенімді болсаңыз, онда аталған мал түрлерінен алынатын сүттің адал­ды­ғына уайымдамасаңыз болады, дейді ­мамандар.

Десе де қазіргі өнеркәсіптік өн­ді­­ріс­тің ауқымын ескерсек, бұл жа­зыл­­­маған талап үнемі сақтала бер­мей­ді. Жоғарыда айтылғандай, халал ұғымының ауқымы кең және бұл стандартқа сай болу үшін қойыла­тын талаптарды қатаң ұстануға тура ке­леді. Бұл алуан түрлі өнімнен бө­лек, шикізат, қызмет көрсету, басқа да салаларды қам­ти­ды. Соған сәйкес сүттің халал бол­ға­нын қалайтын кәсіпкерлерге сауын сиыр­дың азығынан бастап, да­йын өнімнің тасымалына, оны қап­тау ісіне және дүкен сөрелері мен сауда орындарында дұрыс қойы­луы­на дейін көңіл бөлу қажет. Яғни бар­лық кезеңде халал талаптары мүл­тіксіз сақталып, орындалуы тиіс.

«Үстеліңіздегі сүттің халал болмай шығуы мүмкін екенінің бірнеше себебі бар. Алдымен малдың азы­ғы­на тоқталайық. Ақуыздың көле­мін арттыру үшін көптеген ферма­да сиырды ет пен сүйектен да­йын­далатын ұнмен азықтандырады. Көп жағдайда мұндай ұн түрлері өлген жануарлардың қаңқасынан (балық сирек қолданылады) жаса­латынын ескеру қажет. Егер де жем­шөп түр­ле­рі химиялық қосын­ды­лармен өсі­ріл­се, оның да адал азық болмайтынын қаперіңізде ұс­таған абзал. Аминопиралидтер және онымен байланысты гербицид­тер улы болып келеді және бұ­лар тірі ағ­за­да жинақталуы мүм­кін. Ген­дік мо­­ди­фикацияланған жем­шөп қос­па­ла­ры­ның да зияны аз емес. Тұ­тас­тай алғанда, халал өнім­дер­ге ор­га­никалық өнім өн­ді­рісі­не қо­йы­ла­тын талаптар да қол­да­ны­лады», деді Ұлттық аккредиттеу орта­лы­ғы әдістеме және стандарттау депар­та­ментінің жетекші маманы Нұрмат Шаршамасов.

 

Тұтынушылар қандай сүтті қалайды?

Екінші мәселе сүтті жинау мен та­сы­малдауға қатысты. Сөз басында айтыл­ғандай, сүт өндіру барысын­да сауын сиыр мен шошқаның бір жерде тұруы халалдың нормалары­на сәйкес құпталмайды. Сол секілді ірі қараны бұрын талпақ танау азықтанған жа­йы­лымды жерлер­ге жі­бе­ру­ге та­ғы болмайды. Торай өсі­ріп, оған азық берген шаруа­­лардың да Зеңгі ба­ба төлін сауып, жемшөп беру жұмыс­тары­на қатыспағаны жөн.

«Сүт өндірісінің өнеркәсіптік ауқы­­мын алып қарасақ, осы сала­да­ғы ком­паниялар сүтті көбіне­ же­ке­мен­шік фермалардан, атап айт­­қанда қосалқы шаруа қожалық­та­ры­нан сатып алады. Егер де олар­дың кем дегенде біреуі жоғарыда аталған талаптарды ескермесе, онда сүттің барлық партиясы жарамсыз күйде қалуы да ғажап емес.

Үшінші мәселе қоспаларға қа­тыс­ты. Мысалы, қандай сүтті қалар еді­­ңіз, қаймағы алынбаған ба, әлде стан­дартқа сәйкес дайындалған сүтті ме? Көп жағдайда дүкен сөрелерін­де екінші санаттағы өнім түрі тұра­ды. Нормалау – сүтті өңдеу арқылы оның майлылығын азайтатын немесе керісінше арттыратын процесс. Енді мынаны қараңыз, кейбір жосықсыз өндірушілер сүт ма­йын өсімдік майларына алмастырып жатады және мұндай оқиға аз емес. Өндіру технология­сына байланысты өсімдік майларының өзінде зиянды компоненттер болмауы мүмкін. Бірақ сүт­­тің «сұйылтылғаны» жөнінде тұ­­тынушы хабарсыз болса, бұл сатып алушыны алдаумен тең. Ал дін қағидасына сүйенсек, мұның өзі халал талаптарына қайшы екенін естен шығармаған абзал», деді Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары.

 

Құрамындағы қоспаларды білген дұрыс

Аталған ведомствоның қоғаммен байланыс басқармасы берген мәлі­мет­ке сүйенсек, өндірушілер сүттің «пай­далы компоненттермен» (көп жағ­дайда мұндай қосындылар жа­сан­­ды болуы мүмкін), сондай-ақ кү­­мән­­ді немесе халал стандартына сай келмейтін тағамдық қоспалар және ингредиенттермен құнарлылығын арт­­тыра бастаған. Мәселен, Омега-3 май қышқылына тоқталсақ, оны ба­лық немесе өсімдік майларынан өн­діру халал саналса, крильді теңіз өнім­­дері­не (ұсақ теңіз планктонды шаян тә­різ­ді жәндіктердің жалпы атауы) бай­ла­нысты дәл бұлай айтуға келмейді.

«Нақты айтқанда, сүттің па­ке­­­­тін­де ­«бұл өнімнің құрамында Омега-3 дәрумені бар» деп көрсетілуі мүм­кін. Десе де оның қайдан және қандай жолмен алынғаны туралы мәліметті өндірушілер жазбай кетуі немесе жасыруына таңғалуға болмайды. Бұл сүтті коктейльдерді да­йын­дау барысында пайдаланылатын бояғыштар, дәмдеуіштер мен түр­­лі дәмді қоспаларға байланыс­ты да ай­тылған. Неге десеңіз, осы қос­па­лар­дың тең жартысы халал емес тағам болуы мүмкін. Айталық, ко­ше­ниль­ден (жартылай қанатты жән­дік­тер­дің бірнеше түрінің жалпы атауы, ол Кармин қызыл бояғышын алу үшін қолданылады) дайындалатын қоспа.

 

Қаптау ісі мұқияттылықты қажет етеді

Төртіншіден, өнімді қаптау мен оның сауда нүктелеріндегі орналастырылуы да – маңызды мәселе. Халал сүттің қап­тамасына «Кеден одағының тех­никалық регламенті 005/2011» нормаларында сипатталған тұтастай тамақ өнімдерінің қаптамасына қо­йы­­латын жалпыға ортақ талаптар қолд­анылады. Тек оның бір айыр­машылығы, халал өнімдерін таза­лау немесе техника­лық қызмет көр­­сет­у кезінде сүт құя­тын қондырғы құ­ра­­мын­да зиянды (арам қоспалар) майлы материал­дары бар, сондай-ақ жууға ар­нал­ған құрал­дар­мен жанас­пауы тиіс. Дү­кен сөре­лерінде халал өнімдері басқа сау­да өнім­дерінен бөлек тұруы қажет», деді Н.Шаршамасов.

Елімізде халал сүт нарығы енді ғана дамып келе жатыр. Десек те оның өндірісінен түсетін табыс күн­де­лікті сатып алатын сүттен де төмен еке­­нін ұмы­туға болмайды. Тұты­ну­шы­лар өнім­­дердің өндірісін ажы­рата білмеуі, дін­нің талаптарына сүйен­беуі, сондай-ақ осы нарықтағы бәсе­ке­лестік халал өнім түрлерінің бағасын көтеруге мүм­кіндік бермей отыр.

Егер де қарапайым тұтынушы өнім­дердің айырмашылығын сезбесе, онда «Халал» белгісін енгізудің не қа­жеті бар деген сауал туындай­ды? Сарап­шы­лар­дың пікіріне сәй­­кес мар­­кетингтік стра­­те­г­ия­ны алып тас­тасақ, онда сүт өнім­­­дерін ішкі нарықта «Халал» бел­гісі­­­мен сер­тификаттау­ды ком­пания­ла­р­­­дың азаматтық ұста­нымы ретін­де ба­ға­­лауға болады. Сүт өндіру­ші­лер мұн­­дай қосымша шы­ғынға тұтыну­шы­ларға адал әрі жо­ға­ры сапалы өнім түр­лерін ұсынып, клиенттік аудиторияны кеңейту үшін барады», деді мамандар. «Халал» ұғымы бұрынғыдай тек қана діни ағымдағы түсінік болудан қал­ған. Қа­зір бұл «дұрыс тамақтанудың» сино­нимі ре­тін­де қарастырылады және осы өнім мен қызмет түрлеріне жүгінетін өзге дін өкілдерінің қатары да жыл санап көбейіп келеді.