• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 08 Маусым, 2021

Алдағы бес жылда Нұр-Сұлтанда 67 мектеп салу жоспарланып отыр

276 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында шаһардағы халық санымен қатар оқушылар саны да үнемі өсіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Мәселен, 2010 жылы қалада 74 мың мектеп оқушысы болса, қазір – 193 мың. Енді 10 жылдан кейін 2030 жылы, бұл көрсеткіш 400 мың оқушыға дейін өседі деп отырмыз. Бұл жақсы хабар, «балалы үй – базар», бізде енді соған сәйкес мектеп құрылысы да қарқынды болу керек. Алдағы бес жыл ішінде 80 880 оқушыға арналған 67 мектеп салу жоспарланып отыр. Елордада жылына кемінде 10 мектеп салынбаса, өсіп келе жатқан халық санына сәйкес келмей, мектептерге артылған жүктеме әлеуметтік қиындықтар туғызуы ықтимал. Былтыр мәселен, пандемияның өршіп тұрғанына қарамастан елордада 11 мектеп жаңадан бой түзеді. Биыл тағы 16 мектептің құрылысы жалғасуда, –  деді әкім.

Сондай-ақ бұл қала құрылысшыларының ерен еңбегі екенін айтты.

– Сапалы білімді арттыру мақсатында болашақ педагогтерді ынталандыру үшін орта білім алуға жыл сайын 800, жоғары білім алуға тағы 300 әкім грантын бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі жоспарлы түрде артатын болады. «Қадамдық қолжетімдік» принципіне сәйкес қосымша 30 «Үй маңындағы дәрігер» нысаны ашылады. Сонымен қатар 5 медициналық мекеме салынады, –  деді Алтай Көлгінов.