• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ғылым 09 Маусым, 2021

QazVac – қауіпсіз әрі тиімді вакцина

643 рет
көрсетілді

Medsupportkz қауымдастығының ғалымдары мен дәрігер­ле­рі­нің жарияланымында қозғалған мәселелер бойынша Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Био­ло­гиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу инс­­титуты отандық вакцинаның қауіпсіздігі туралы ха­бар­­лады.

QazVac вакцинасын әзір­леу процесінде вирустың бел­сен­ді­лігін жою үшін іс жүзінде формаль­дегид пайдаланылады. Бұл отандық фармакопеяда шек­телмеген дәстүрлі әдіс болып саналады. Вакцинаның қа­уіпсіздігі мен тиімділігіне келетін болсақ, оны өндіру барысында электронды микроскопия арқылы вирустың морфологиялық тұтастығы мен қауіпсіздігі бір­неше рет тексері­леді. Кли­­­никалық зерт­теу­лердің бар­­­лық үш фаза­сын­­да кли­никаға дейінгі сы­нақ­тар­да­ғы жануарларды және вак­­циналанған ерік­ті­лерді тал­дау нәтижелері олар­дың қан сарысуында COVID-19 ин­фек­циясының алдын алатын әрі бейтараптанды­ра­тын антиденелер пайда бол­ған­ды­ғын көрсетеді.

Осылайша, QazVac вак­ци­на­­сын өндіруде формаль­де­гид­ті қолдану оның антигендігі мен иммуногенділігін төмен­дет­пейді.

QazVac вакцинасын әзір­леу­­шілер клиникаға дейін­гі және клиникалық зерттеу­лер­дің нәтижелері бойынша осы жылдың шілде айында беделді әлемдік ғылыми басылымдарда жарияланатын екі ғылыми мақаланы дайындады. Қазіргі уақытта мақалалар рецензиялаудан өтіп, баспаға қабыл­данды.

Сарапшы сөзі

Ерлан РАМАНҚҰЛОВ,

Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

– Ғалымдар мен дәрі­гер­лер қауым­­дастығының @medsupportkz мәлім­де­ме­сін­де QazVac вакцинасын дайындау кезін­де формальдегидті қолда­нуға қатысты алаң­дау­­шылықтары орынды. Шы­нын­да да, вирусты бейтараптандыру үшін қолда­ны­латын формальдегид вак­цинаның антигендік қасиет­те­рін бұзып, оның тиім­ділігін төмендетуі мүм­кін.

Сондықтан вакцинаға то­лық­­қанды баға беру үшін кли­никалық сынақ­тар­дың үшін­ші фазасы жүр­гіз­і­леді. Қазіргі таңда QazVac вакцинасы бойынша клиникалық сынақтардың үшінші кезеңін аяқтап жатқанын білеміз. Сарап­шылар тобының құра­мын­­да болып, клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші фазаларында алынған нәтижелермен мұқият таныстым. Зерттеулердің нәти­же­ле­рі вакциналанған адамдарда күшті жасушалық иммунитет және жеткілікті антидененің қалыптасуын айқын көрсетті деп айта аламын. Бұл отан­дық QazVac вакцинасын өндіру кезінде белсенділігі жойылған вирус өзінің антигендік қа­сиет­терін жоғалтпайды, яғни фор­маль­дегидті қолдану то­лы­­­­ғымен негізделген деген­ді біл­­діреді. Бұл деректер әлем­­­дегі ең беделді медици­на­лық басылымдардың бірін­де жа­рия­­ланады.

Екіншіден, вакцинаның тиім­ділігін бағалаудың нақ­ты әдісі. Атап айт­сақ, коро­на­ви­рус­қа тән анти­де­не­лері бар вак­циналанған еріктілердің үлесін есептеу. Әрине, бұл әдіс вакцинаны енгізу бойынша иммундық реакцияның жанама көрсеткіші ғана. Алайда вакцинаның тиім­ділігінің бас­ты өлшемі емес. Отандық QazVac вак­­ци­насының тиім­ді­лі­гін нақ­ты ба­ға­лау осы жылы шіл­де айының ортасында вак­циналанған еріктілер мен плацебо топтары арасында COVID-19 науқастарының саны ескерілетін кли­никалық сынақтардың үшінші ке­зе­ңі аяқталғаннан кейін есеп­те­ле­тін болады.

 

Талғат НҰРҒОЖИН,

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры:

– Отандық QazVac вакцинасы өзінің қауіпсіздігі мен уыт­­тылығының жоқтығын зерт­ханалық жануарларға жүр­гізілген тәжірибелер барысында дәлелдеді. Содан кейін вакцинаның қауіпсіздігі кли­никалық зерттеулердің бірінші және екінші кезеңінде еріктілер тобында расталды.

QazVac вакцинасының ви­русқа қарсы белсенділігі мен клиникалық тиімділігі кли­н­икалық сынақтардың үшінші фазасының бірінші жарты­сының нәтижелері бойынша дәлел­ден­ді.

Формальдегид әртүрлі вак­ци­на­лар өндірісінде ұзақ уақыт бойы пай­даланы­лып келеді. Мәселен, ол ты­рыс­қақ­қа қарсы вакциналарда, сон­­дай-ақ балаларға арналған әйгілі по­ли­валентті вакциналарда кездеседі.

Формальдегид пен COVID-19 вирусының өза­ра әре­­кет­тесуі туралы бір­не­ше мақала жариялан­ды. Фор­маль­де­гид вирус­тың бел­сен­ділігін жою үшін қол­да­нылады, ал вирус­тың құра­мына кіретін S-про­теин­нің өзі конфор­ма­циялық өзгерістерге ұшыра­май­ды. S-протеинге реакция ретінде антиденелер түзі­ліп, нәтижесінде ағзаның им­мун­дық реакциясы пайда болады.