• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Маусым, 2021

Спортшы балаларға базарлық

878 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасындағы «Таңшолпан» балалар үйі спорт саласындағы жетістіктерімен лайықты түрде мақтана алады. Нақты айтар болсақ, аталған мекеменің тәрбиеленушілері футбол және велоспорттан Еуропа елдерінде өткен жарыстарда үздік нәтижелерге талай мәрте қол жеткізген.

Таяуда, саламатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы жаңа буынды тәрбиелеу ісімен айналысып жүрген «Батыр боламын» атты қайырымдылық қоры балалар үйіне бокс пен күреске арналған құрал-жаб­дық­тарды сыйға тартты. Енді тәрбиеленушілер спорттың осы түрлерімен де тұрақты айна­лы­суға мүмкіндік алды.

«Таңшолпан» балалар үйі ди­ректорының орынбасары Гүл­мира Майкамбева қуаны­шымен былайша бөлісті:

– Қайырымды жандар бізге бокс тұлыбы мен былғары қолғаптар, шлемдер, басқа да спорттық снарядтарды сыйға тартты. Осының арқасында біз жаттығу залын қайта бейін­дедік. Енді балалардың бокс және күреспен айналысуына көбі­рек мүмкіндіктері бар. Өте қуа­ныштымыз және «Батыр боламын» қорына айтар алғысымыз шексіз!

Айта кету керек, «Таңшолпан» балалар үйінің командалары футбол, велоспорт және үстел теннисінен Қазақстанның да бірнеше мәрте чемпиондары атанған.