• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тарих 09 Маусым, 2021

Балуанның белдігі

449 рет
көрсетілді

Елордадағы Ұлттық музейде биыл туғанына 150 жыл толған, күрес­тің бір­неше түрінен әлем чемпионы, даңқты балуан Қажымұқан Мұңайт­пас­ұлына қатысты  бірнеше жәдігер сақталған.

Солардың бірі балуанның өрнегі де әсем, күміспен әдіптелген белдігі. Бұл жәдігер – 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Қажы­мұқан атындағы облыстық спорт музейіне белгілі спортшы, жа­зу­шы Әлімқұл Бүркітбаевтан сатып алын­ған. Әлім­құл ағамыз ке­зін­де орасан күш иесі жайында «Қа­жы­мұқан» атты деректі кітап жаз­ға­ны мәлім. Ол кісі күміс белдікті Санкт-Петербургте өткен спорттық тро­­­­фейлердің аукционынан сатып алыпты.Енді бұл құнды дүние Ұлт­тық музейдің төрінде тұр.

Сонымен қатар музейде алып атамыздың жеке төлқұжаты, Варшава мұсылмандарының сыйға тартқан медалі және дәрі сақтайтын ыдысы сақталған. Балуанның емдік шөптер салуға арналған темір ыдысының пішіні цилиндр тәрізді жасалған, жеке жабылатын қақпақшасы бар. Аталған ыдыс өсімдік тәрізді оюлармен өрнектелген. Оның бір бүйіріне арабша «Балишифа», ал екінші бүйіріне −«Алқақни» деп жазылған. «Балишифа» (шифа) сөзі – «шипа», «ем», «дәрумен» деген мағына берсе, «алқақни» деп «ыдысты» айтады екен.