• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Өнер 10 Маусым, 2021

Комбат

271 рет
көрсетілді

Кеңестік репортаждық фото­гра­фия­ның негізін қалаушы Макс Аль­перт­тің фотосы соғыстың симво­лына айналарын кім білген?! Ескі объек­тив қолына ТТ тапаншасын ұстаған командирдің сарбаздарды шабуылға шақырған сәтін қағып алған. Тіпті сол тұста бірнеше америкалық жур­нал мұқабасын осы суретпен безен­дірді. Ол ол ма, 1985 жылы Конго Респуб­ликасының пошта мар­ка­­сы­на таң­баланды. Осы­лайша, жау оғы­­ның астында алға ұмтылған командир «комбат» деген атқа ие болды.

Макс Альперт Қызыл Армия жауынгерін өзінің Leica каме­ра­сымен 1942 жылы 12 шіл­деде Оңтүстік майданда, Вороши­лов­град шайқасы кезінде суретке түсірген. «Офицер окоптан кө­теріліп, сарбаздарды шайқасқа шақырды», деп еске алады өз ес­телігінде.

«Әскерлер «Ура!» деп айқай­лады да ша­буылға ұмтылды. Мен осы сәтті ұстап үлгердім. Коман­дир оққа ұшты. Оның атын білуге үлгермедім, мені жедел түр­де полк штабына ша­қырып алды», дейді фотограф.

ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін фотодағы кейіп­­­кер­ге қатысты алуан түрлі әңгіме айтылды. Макс Альперттің пош­тасына жүз­деген хат келіп түсті. Авторға «ме­нің туысым» деп жаз­ған адамдар ­да болды. «Комбат­­тың туған жері – біздің қаланың маңы» деп айды аспанға шығарған­дар да та­­былды. «Фотадағы мен едім» де­гендер кездесті. Әйт­се де со­ғыс ардагерлері ресми нұс­қа­мен ке­ліспеді. Бертін келе автор­ға За­­порожьеден аудандық атқару ко­ми­­тетінің төрағасы Иван Ере­мен­­кодан арнайы хат келеді. Онда: «Жылдағы жеңіс күнін атап өту үшін бүкіл отбасымызбен үс­тел ба­сына жиналдық. Кенет қоңы­­рау соғылды. Пошташы үй­ге газет-жур­налдарды әкеліпті. Менің анам әдеттегідей хат іздеп, газет бе­тіне көз жүгіртті. Сөйтті де кенет­тен айқайлап жіберді: «Ваня! Әке! Біздің әкеміз!». Жү­регім лүпілдеп, тынысым та­ры­лып кетті. Газеттегі суретке қа­раймын, өз көзіме өзім сене алар емеспін. Иә, иә, расымен де, сан жылдар бойы іздеген әкеміз табылыпты» деп жазыл­ған. Әйтсе де мәскеулік журналистер мен фото авторының өзі бұл хатқа кү­мәнмен қарады. Себебі онда «Сіз­дің күйе­уіңіз, кіші саяси нұс­қау­шы Алексей Гордеевич Ере­менко, 1906 ж.т., 1942 жылы 14 қаң­тарда жоғалып кетті» деген ха­бар­лама қоса тіркелген екен.

Сірә, тергеу жүргізілмес те еді. Өйт­кені «батальон командирі» ­де­­ген болжаммен қаза тапқан ­күн 1942 жылдың 12 шілдесімен сәй­кес келмейді. Еременконың от­ба­­­сы әдеттегідей сыпайы жауап алды. Алай­да Альперт хабарламаға тір­­кел­ген фотосуреттерге назар аудар­ған соң, комбаттың егіз аға­сы ма деп те ойлайды. Мекен­жайы да көңілге қонады. Сөйтіп, аудандық атқару комитетінің төр­ағасымен байланысып, бас­қа да фотосуреттерін сұ­райды. Жиырмаға жуық фотосурет са­рап­тамаға жіберіледі. Көп ұза­май бұл соғыс жылдарындағы ала­са­пыранның қателігі екенін түй­сінеді. Екі жыл зерттегеннен кейін, комбаттың нағыз сол адам екенін анықтайды.

Сонымен, әйгілі фотодағы ке- ­йіпкер мен саяси нұсқаушы Алек­сей Еременконың бір адам еке­ні расталды. Макс Альперт бір­ден батыр­дың ұлы мен жесірін қо­нақ­қа ша­қы­рады. 36 жастағы кіші саяси нұсқаушы «батальон командирі» болған емес екен. Бірақ оның қайтпас қайсарлығы, фотодағы жалын атып тұрған бей­несі адамды еріксіз солай ойлау­­ға мәжбүрлейді.

Алексей – қарапайым украин жігіті. 14 жасынан бастап темір­жолда еңбек етіп, артынан зауытта жұмыс істейді. Кейіннен «Аван­гард» колхозының төрағасы болады. Соғыс басталғанда Ере­менко әскери комиссариатқа өз ер­кі­мен келіп, майданға жіберуді сұ­райды.

Көзі тірі майдандастары Ере­­мен­коның ерлігін естен шығар­ған емес. Запастағы подполковник Ва­си­лий Березубчак сол күн­­гі оқи­ғаны былай сипаттайды: «Ауыр артиллериялық шабуыл­ басталды. Біз алғашқы ша­­­буыл­­­­дың бетін қайтардық. Бірақ екін­­­- ші­сін­де дивизияның оң қап­­та­­лын­да серпіліс болды. Әскер ше­гіне бастады. Мен жағ­дайды қал­­пына келтіру, сарбаздарды тоқ­тату ту­ралы дивизия коман­дирі­­нің бұй­рығын­ алдым, өйткені жағ­­дай өте ауыр болатын. Содан кейін Ере­­мен­­ко­ны көрдім. Ол айнала­­сы­на жауынгерлерді жина­ды. Біз көп емес едік. Бірақ Еремен­ко қар­сы шабуылға шығуға шешім қабыл­дады. Сәлден кейін ол оққа ұшты», деп еске алады.

Батыр да ержүрек Алексей Гор­деевич Еременко Луганск облы­­сы, Славяносерский ауданы, Хоро­шее селосы маңындағы бауыр­лас­­­тар зиратына жерленген. Оған ес­керт­кіш орнатылыпты. Бірақ бір таң­ғалар­лық жайт бар. Ол ба­тыр­дың ер­лігі мойын­далғаннан ке­йін бір­де-бір марапатқа ие бол­ма­ғаны. Жүректі ауыртатыны сол. Әйтсе де оның әнге айналған ер­лік­ке толы бейнесі ел жадынан мәң­гілікке өш­пейтіні даусыз. Бұл – ақиқатқа толы аңыз.