• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2021

«Қызыл» құрсаудан құтылды

202 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша аса күрделі жағдайға тап болған-ды. Өңірдің біраз уақыт «қызыл аймақ» құрсауынан шыға алмай, індеттің таралуымен табанды түрде күресуіне тура келген еді. Енді міне, облыста эпидемиологиялық жағдай жақсарып, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңір «сары аймаққа» өтті.

Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасағандарды әртүрлі жолдармен ынталандыру тәсілінің белсенді түрде жүргізіліп жатқанын айта кеткен ләзім. Мысалы, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының вакциналау­дан өткен қызметкерлері 10 мың теңге сыйақы алады. Сонымен бірге, Қарағанды қаласы мен Абай ауданының екпе алған тұрғындары үшін кейбір дүкендерде, дәм­ханаларда және шаштараздарда тауарлар мен қызмет түрлеріне деген жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл игі істен Қарағанды облысының кәсіп­кер­лері де шет қалмай, коронавирус инфекция­сына қарсы вакциналауды насихаттай баста­ды. Мысалы, «12 ай» құрылыс дүкенінде «Коро­на­вирусты бірге тоқтатайық!» акциясы басталды. Вак­циналанған адамдарға мұнда 10% жеңілдік қарастырылған. Сыйлық ретінде сатып алынған та­уарды Қарағанды бойынша тегін жеткізу және жоғары қабаттарға көтеріп беру жү­зеге асырылады.

«12 ай» дүкендер желі­сінің Қарағанды фи­лиа­лының директоры Елена Бочень бұл іс-ша­раның жал­пыға тән маңыздылығын атап өтті.

– Акцияның соңғы күні 11 маусымда өтеді. Біз адам­­дарға қандай да бір жолдарын тауып, олар­ға ек­пе алу керектігін жет­кі­зуі­міз керек деп шеш­тік. Қара­ғандылықтар өзде­­рі­нің ғана емес, ай­на­­ла­сын­дағылардың ден­саулығына да жауапкер­ші­лікпен қарауы керек. Айта кету керек, біздің дүкеннің ұжымы толықтай екпе алды, – дейді кәсіпкер.

Ал Абай ауданы бо­йын­ша «Денсаулыққа – иә, Covid-ке – жоқ дейміз!» акциясы ұйым­дастырылды. Екпе алғандар вакциналау төлқұжатын ұсынып, кейбір дүкендер мен дәм­ханаларда 5-10% жеңілдік ала алады. «Абай сити» және «Атриум» сауда үйлерінің қолдауымен вакциналаудан өткен көп­балалы және аз қамтылған отбасылар үшін азық-түлік көмегі қарастырылған.

Міне, осы және басқа да бел­сенді түрде жүргізілген ке­шенді іс-шаралардың арқа­сын­да облыста індеттің беті қай­та бастаған сыңай танытып отыр.

 

Қарағанды облысы