• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2021

Биыл әлеуметтік осал топтарға 342 пәтер беріледі – Гүлшара Әбдіқалықова

275 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

– Мемлекет басшысы қабылдаған шешімдердің арқасында жағымсыз салдарды азайтып, экономиканың даму қарқынын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамиканы қамтамасыз ете алдық. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 5 айында өндеу өнеркәсібіндегі өндіріс 12,8%, ауыл шаруашылығында - 2,5% өсті. Жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік саны 7,3% ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 62,5% артып, 198 мың шаршы метрден астам тұрғын салынды. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29% артық, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Облыста жалға берілетін 945 пәтерлік 54, оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 үйдің құрылысы салынуда. Биыл облыс бойынша әлеуметтік осал топтарға арналған тағы 342 пәтер мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынады.