• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2021

Инновация дәуірінде техникалық білімнің маңызы зор

5728 рет
көрсетілді

XXI ғасыр ғылым мен инновация дәуірі. Қазіргі уақытта Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да инновациялық білім берудің әдісі жан-жақты меңгерілді. Техникалық білімге деген студенттердің де құлшынысы жоғары. Осы және өзге де тақырыптар төңірегінде білім ошағының ректоры Жасұлан Шаймарданов «ШҚТУ – аймақтың тірек университеті» атты брифингте айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Саналы ұрпақ тәрбиелеуде кез келген университеттің алға қойған ұстанымы әр түрлі. Біздің бағыт – заманауи инженер түсінігін ғылыми көзқараспен ғана шектелмей, физика-математика бойынша білім беру қарқынын күшейте түсу.

Мұны оқытушылық құрам да түсінеді. Шетелден білім алып келген ұстаздарымыз осы тұрғыда жүйелі жұмыс жүргізуді жоспарларына енгізген, әрі көптеген студенттеріміз тереңдетілген физикаға мықтап ден қойса, халықаралық деңгейде сұранысқа ие маман атануға мол мүмкіндік алады. Осы тұрғыда білім ордасының қабырғасында қосымша факультеттер ашылған», деді Жасұлан Шаймарданов.

Білім ордасы жұмыс істеп тұрғаны жылдары ішінде экономиканың түрлі салалары бойынша 90 000-ға жуық инженер даярлап шығарды. Бүгінде университет маман дайындаудың үш деңгейі бойынша 91 білім беру бағдарламасын іске асып жатыр. Білім беру бағдарламаларының 86% мамандандырылған акредитациядан өтті.

Автоматтандыру және басқару, Металлургия, Геология және пайдалы қазбаларды барлау сияқты бағдарламалардың еуропалық сапа сертификаты бар.

«Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде көптеген жетістіктерге қол жетті. Жастар шетелде білім алуға мүмкіндік алды. Бір айта кетерлігі, білім ошағындағы гранттар саны да соңғы жылдары артып келеді. Өздеріңізге белгілі, грант санын реттеу де Білім және ғылым министрілігімен бірлесе шешетін күрделі жұмыс», деді ректор брифингтегі сөзінде.