• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Маусым, 2021

Әлеуметтік қолдау жалғаса береді

784 рет
көрсетілді

Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындар 2021 жылы 3,8 трлн теңгеге дейін өсті және республикалық бюджет шығыстарының 27%-ын құрады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді.

Министр сөзінің басында 2020 жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік мін­дет­те­мелері толық көлемде орын­дал­ғанын хабарлады. Зейнетақылар, жәрдемақылар уақытында төленді, азаматтарға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.

Сондай-ақ ол Мемлекет бас­шысының тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылы азаматтарды қолдау үшін зейнетақы тө­лемдері мен мемлекеттік жәрдем­ақылар мөлшері екі есеге арт­қанын атап өтті. Ын­ты­мақты зейнетақының өсімі 12%-ды, ал базалық зейнетақы мен мемле­кеттік жәрдемақылардың өсімі 10%-ды құрады. 2021 жылғы 1 қаң­тардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы қайтадан индекстелді. Нәти­жесінде, ынтымақты зейнет­ақы 7%-ға, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы 5%-ға өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтарға зейнетақы жинақ­та­рының бір бөлігін тұрғын үй жағдай­ларын жақ­сартуға, емделудің ақысын тө­леуге немесе жеке компа­ния­лардың бас­қа­руына беруге мақ­сатты пайдалану мүм­кін­дігін беру бойынша жұмыс жүр­­гізіл­ді. Зейнетақы жинақтарының бір бө­лігін алу құқығын БЖЗҚ-ның шама­­мен 1 млн салымшысы пайдалана алады. 2021 жылғы 4 маусымдағы жағдай бойынша 1,4 трлн теңге сомасына біржолғы зейнетақы төлемдеріне 313,6 мың өтініш мақұлданды.

2020 жылы міндетті әлеу­мет­тік сақтан­ды­ру жүйесімен жұмыс істейтін 6,3 млн азамат қам­тылды. 2020 жылдың 1 қаң­тарынан бастап әлеуметтік сақ­тандыру жүйесінде еңбек өтілі мен әлеуметтік тө­лемдер мөл­шері арасындағы өзара бай­ланыс күшейтілді. Нәтижесінде, әлеу­мет­тік қатер туындаған кезде әлеуметтік төлемдер мөлшері орта есеппен 50%-ға арттырылды. Оның ішінде еңбек ету қабі­ле­тінен айырылу жағдайына төлем­дер­дің өсімі 69%, асыраушыдан айырылу бойынша 41% және жұмыстан айырылу бойынша 44%-ды құрады.

Сонымен қатар ведомство басшысы төтенше жағдай режі­мі және Covid-19 пандемиясы­на байланыс­ты карантиндік шек­теу шаралары кезеңінде ұйым­дастырылған әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.

– Алғаш рет мемлекеттік әлеу­меттік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер енгізілді. Бірін­шіден, қызметін шектеуге байланысты табысынан айы­рылған аза­маттар үшін ең төменгі жалақы мөлше­рін­де төлемдер енгізілді. ТЖ және карантин кезеңінде оларды 476 млрд теңге сома­сына 4,6 млн адам алды, екін­шіден, жұмыста Сovid-19 жұқ­тырған дәрігерлерге және ме­дицина қызметкерлері қайтыс болған жағ­дайда олардың отбасыларына төлем­дер қарастырылды. 9,5 мың адам 20,5 млрд теңге сомасында төлем алды. Бұдан басқа ай сайын әлеуметтік жағынан осал санаттардағы 1 млн-нан аса азамат жал­пы сомасы 25 млрд тең­геге азық-түлік жиынтығы түрін­де қолдау алды. Инфек­ция­ның көбею қаупін азайту үшін 600 мың­нан аса адамға атаулы әлеумет­тік көмек тағайындау, мүге­дек­тікті белгілеу және мүге­дек­тігі бар 55,5 мың адамға жәр­де­м­а­қы төлеу мерзімдері автомат­ты түрде ұзар­тылды, – деді министр.

«Еңбек» мемлекеттік бағ­дар­­ламасы аясында 2020 жылы 650 мыңға жуық адам қамтыл­ды, олар­дың 319 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналас­ты­рылды. 70 мыңнан аса адам қысқа мерзімді курстарда оқумен және техникалық-кәсіптік білім­мен қам­тылып, 33 мың адам «Бас­­тау Биз­нес» жобасы бойын­ша кә­сіпкерлік негіздеріне оқытылды.

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін 13 мыңға жуық жеңіл­дікті микрокре­дит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 45 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілген. Оның ішінде 1,4 мың микрокредит көпбалалы жә­не аз қамтылған отбасыларға беріл­ген. Микрокредит алушылар 13,7 мың қосымша жұмыс орнын ашты.

Сондай-ақ өткен жылы «Жұ­мыс­пен қам­тудың жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында 239 мың адам жұмысқа орналастырылған, олардың көп­ші­­лігі – халықты жұмыспен қамту ор­та­лық­тарында тіркелген жұмыс іздеуші­лер мен жұмыссыздар. ЖҚЖК аясында 6,7 мың әлеу­мет­тік маңызы бар нысан іске қосылған.

Биыл ЖҚЖК-ны іске асыруға 300 млрд теңге қарастырылған, олар төрт негізгі бағытқа бағыт­талады: халықтың өмір сүру сапасын арттыру, ШОБ үшін қар­жыландырудың қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ өңірлерде агро­өнеркәсіптік кешен мен биз­несті дамыту. Осы бағыттар аясында шамамен 41 мың жұмыс орны құрылады, олардың 69%-ы тұрақты жұмыс орындары болады.

С.Шәпкенов атап өткендей, бөлінген қаражаттың 42,5%-ы (127,5 млрд теңге) халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағыт­та­лады. Шамамен 33,3%-ы (100 млрд теңге) агроөнеркәсіптік ке­шенді дамытуға және 24,2%-ы (72,5 млрд теңге) өңірлерде бизнесті дамытуға және «Атамекен» ҰКП мен жергілікті атқарушы орган­дардың қатысуымен микроқаржы ұйымдары арқылы микрокредит беруге пайдаланылады.