• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Маусым, 2021

Министрлік «көлеңкелі экономикамен» қалай күреспек?

336 рет
көрсетілді

Қазақстандағы «көлеңкелі» экономиканың үлесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деңгейіне дейін төмендету керек. Бұл дегеніміз – ішкі жалпы өнімнің 15 пайызы. Қаржы министрлігі қызметінің негізгі бағыттарының бірі осыған бағытталған.

Кеше халық алдында есеп бер­ген Қаржы министрі Ерұлан Жа­маубаев аталған бағытқа ерек­ше тоқталды. Қазір барлық сала бойынша «көлеңкелі» эконо­ми­каға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын өзектендіру жүріп жатыр. Бұл ретте бюджетті тұ­рақты кіріс көздерімен қамта­масыз етуге мүмкіндік бере­тін салықтық-кедендік әкімші­лен­діруді цифрландыру бағытындағы жұмыстарға айрықша басымдық берілген. Соның нәтижесінде соң­ғы үш жылдың ішінде бюджет­ке 2 трлн теңге көлемінде қосымша түсім түскен. Оның ішінде былтыр «көлеңкелі» айналымда жүр­ген 710 млрд теңге бюджетке құ­йыл­ды.

– «Көлеңкелі» экономиканың төмендеуіне халықтың табысын жалпыға бірдей декларация­лау да ықпал етеді. 2021 жыл­дың 1 қаңтарынан бас­тап жал­пы­ға бірдей салықтық дек­ла­ра­циялаудың бірінші кезеңі бас­талды. Ондағы мақса­т – жеке тұл­ғалардың кірісте­рі мен мүлкін бақылаудың тиім­ді жүйе­сін құру. Сондай-ақ бұл сыбай­лас жемқорлықты төмен­де­туге жә­не бюджетке түсе­тін қо­сым­ша тү­сім­дерді арт­ты­руға мүм­кін­дік береді. Деклара­ция­лау кезең-кезеңімен жүргізі­леді. Жа­ңашылдық алдымен мем­ле­­кет­тік қызметшілерді қамты­ды. Ке­йіннен халықтың барлық са­натына ауысады, – деді Е.Жамау­баев.

Бұл ретте халыққа ыңғайлы болу үшін декларацияны тапсыру бойынша электронды сервис­тер жетілдірілді. Жаңадан іске қосылғандары да бар. Сөй­тіп декларацияны тапсыруда са­лық төлеушінің кабинетін, «Элек­тронды үкіметтің» веб-пор­талын және Е-Salyq Azamat мо­бильді қосымшасын пайдала­нуға болады. Бүгінгі таңда декла­ра­циялаудың бірінші кезеңі аясында 462 мыңнан астам адам салық есебін тапсырған. Бұл биылғы жоспардың 97 пайызына тең.

– Жалпыға бірдей декларация­лауды толықтай енгізгенге дейін кең ауқымды түсіндіру жұ­мысы жалғасатын болады. Цифр­ландыру және әкімшілендіру жұ­мыстары қарқын алады. Мақсат – тиімді фискалдық жүйе мен сапалы сервисті қамтамасыз ету арқылы бизнес пен халыққа қолай­лы жағдай жасау. Ол үшін инте­грацияланған деректер базасы мен салықтық әкімшілендіру жүйе­сі жаңғыртылады. Осы мақсат­та азаматтарымыздың шетел­дік юрисдикциялардағы қаржы­лық шоттары бойынша Эконо­ми­калық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен мә­лі­меттер алмасу жағы жолға қойы­луда. Экономиканы деофшорлау жұмысы жандандырылады, – деп нақтылады министр.

Мәселен, биылдан бастап Е-Salyq Azamat мобильді қосым­шасы іске қосылды. Ол көп деректі толтырмай-ақ салық төлеуге, қате төлемдерді болдырмауға, екі минут ішінде онлайн толтыруды, салықты автоматты төлеуді жүр­гізуге мүмкіндік береді. Жеке кәсіпкерлер үшін E-Salyq Bu­siness қосымшасы әзірленуде. Мұнда жеке кәсіпкерлікті тіркеу мен жабуды оңайлату, салық есеп­тілігін ұсыну, сондай-ақ комиссияны және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеуді алып тастау көз­дел­ген. Ірі салық төлеушілер үшін деңгейлес мониторинг енгізілуде. Бұл – шығындарды және салық­тық бақылау шеңберіндегі тәуе­кел­­дерді азайтуға жол ашатын са­­лық­тық басқарудың тиімді моделі.

– Қаржыны қолма-қол ақ­шаға айналдырып беретін фир­ма­лардың қызметі де – өзекті мәселенің бірі. Кәсіпкерлер мұны салық төлеуден жалтару үшін пайдаланады. Бұл жағдай тиісті сақтық қағидатын енгізуге және контрагенттерді дербес тексеру үшін ашық интеграцияланған деректер базасын құруға алғышарт болды. Біз тиісті сақтық шараларын көрсету тәртібін белгілеу бойынша түзетулер әзірледік. Президенттің тапсырмасы бо­йынша трансшекаралық сауданы бақылауды күшейту үшін кешенді жоспар түзілді. Соның аясында бірқатар міндет айқындалды. Жал­ған транзитті болдырмау және жалған сатып алушыларға тау­ар­лар жеткізуді қадағалау үшін ав­то­көлік құралдарына на­ви­га­ция­лық пломбаларды қол­дану тәжі­рибесі өріс алды, – деді Е.Жа­мау­баев.

Министрдің пікірінше, салық­тар толық төленуі үшін импорттан бастап, бөлшек саудаға де­йін­­гі бүкіл тізбекті бақылау енгі­­зіледі. Бұдан бөлек, ЕАЭО елде­рі­нің уәкілетті органдарымен та­уар­­лардың саны мен құны туралы ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі.

– Алкоголь өнімдерін цифрлы таңбалау бойынша қанатқақты жобасы жалғасуда. Салықтық әкім­ші­лендірудің бұдан кейінгі шаралары қанатқақты жобаның қоры­тындысы негізінде осы жылдың қазан айында айқындалады. Сондай-ақ кедендік рәсімдерді жақсарту үшін жасанды интеллект және көлік ағындарын автоматты басқару технология­ларын енгізе отырып, өткізу пункттері жаңғыртылады. Ахуал­дық орталық салу және бір темір жол және 9 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жоспарлануда. Заңсыз сауда айналымына қарсы күреске және бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шара қабылданбақ, – деді министр.

Е.Жамаубаев ведомствоның өзге де негізгі бағыттары туралы баяндады. Айтуынша, бюджеттік жоспарлау жетілдіріледі. Былтыр сол үшін Бюджет кодексіне тиісті түзетулер енгізілді. Түзетулер стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру үшін бюджетті қалыптастырудың жаңа тәсілдерін және бюджет қара­жатын барынша қайтарыммен пай­далануға мүмкіндік беретін тетік­терді қарастырады. Түзету­лерге сәйкес стратегиялық мін­дет­терге баса назар аударылып, бюджеттік бағдарламалар әкім­шілері шығыстарының лимит­тері айқындалды. Сондай-ақ мем­лекеттік органдармен бірлесіп, экономиканың түрлі салаларында ұлттық жобаларды дайындау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

– Біздің мақсат – әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған теңгерімді бюджет қалыптастыру. Бұл ретте Ұлттық қор бюджет процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Қордың активтері биылғы 1 маусымында 27,6 трлн теңгені құрады. Оның ішінде валюталық портфель 58,5 млрд долларға тең. 2020 жылдың қорытындысы бойын­ша Ұлттық қор 744 млрд теңгеге өсті. Бюджет кодексіне Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін кезең-кезеңімен қысқарту бойынша түзетулер енгізілді. Бұл шара қор активтерінің жинақталуына және тапшылықтың біртіндеп төмендеуіне ықпал етеді, – деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, мемлекеттік ак­тивтерді басқару тиімділігін арттыру үшін 2021-2025 жылдарға ар­налған жаңа кешенді жоспар шең­­берінде жекешелендіру про­цесі жалғасады. Бұл ретте мем­­лекеттік меншік пен квази­мем­лекеттік сектордың 733 нысанын жекешелендіру көзделіп отыр. Сонымен қатар сатып алу­­ларды жетілдіру жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес әзірленген мем­лекеттік сатып алулар бойынша заң жобасы Парламентте жатыр. Заң жобасында мемлекеттік са­тып алуды бір көзден алу тәсі­лі­мен өткізудің 53-тен 49-ға де­йінгі негіздемесін қысқарту көз­делген. Тағы бір өзекті мәселе – мем­лекеттік аудит сапасын жақ­сарту. 2020 жылы аудиторлық қыз­мет туралы заңға түзетулер енгі­зілді. Бұл инвестициялық ахуалды, жаһандық бәсекеге қабі­леттілік индексі рейтингінде «Ау­дит және есептілік стандарттарын же­тілдіру» көрсеткішін жақ­сартуға бағытталған. Ауди­тор­­лық қызмет бойынша кәсіби кеңес құру көз­делген. Бұл Қа­зақ­стандағы аудит саласындағы сапаны бақылау және біліктілік емтихандары үй­лестіруге мүмкіндік береді.