• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда әуеге көтерілген ұшақ көп ұзамай әуежайға қайта қонды

202 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан әуе кемесі көп ұзамай елорда әуежайына оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 16 маусымда күндіз болды. FlyArystan әуе кемесінің ұшағы қайтып келді. Бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметіндегілер растады.

«А320 ұшағы сағат 14.34-те Алматы әуежайына ұшып шықты. Алайда кейінірек техникалық себептерге байланысты борт Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға оралды. Әуе кемесі ауыстырылады. Қайта ұшу 19.10-ға жоспарланған болатын, бірақ соңғы мәліметтер бойынша рейс 23.40-қа дейін шегерілді», деді әуежай өкілдері.