Елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың жастар ұйымдары жетекшілерімен бейресми форматтағы кездесуі өтті.
Отырысқа Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент және ҚХА жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестердің мүшелері, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Іс-шарада ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымы мен жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ жас кәсіпкерлерді ҚХА қызметіне тарту, ҚХА мен Nur Otan партиясы жастар құрылымдарының өзара әрекеттесуі, өңірлік волонтерлік ұйымдар мен Достық үйлері арасындағы байланысты дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар жастар бастамаларын қолдауға және жастардың әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды, сондай-ақ қайырымдылық пен еріктілікті кешенді дамыту орталығы ретінде өңірлік Достық үйлерін дамыту перспективаларын сөз етті.
Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарға және олардың жобаларына белсенді қолдау көрсетуге дайын екенін және жастар қозғалысы жобаларын дамыту мен жастар қоғамдастығымен өзара іс-қимылды күшейту орталығына айналуы тиістігін атап өтті.