• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2021

Ауылда бала көп, үйірме аз

1540 рет
көрсетілді

Ауылдағы Мәдениет үйлерін әңгімелеп жүргенімізге біраз болды. Содан да болар бір мәселенің астарына үңілсек, келесі бір түйткілдің төбесі көрінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың спорттық және шы­ғар­машылық әлеуетін дамытуды міндеттегенімен, министрліктің тірлігі мимырт.

Бүгінде ауылдық жерде 6 мыңнан астам мәдениет ұйымы бар. Әйтсе де олардың барлығына тиісті жағдай жасал­маған. Үйір­мені былай қойғанда, патша сарайындай зәулім мекемеде 4-5 адамнан артық қызметкер жұмыс істемейді. Себебі, талап солай. Олқылықтың орнын толтыру үшін 2025 жылға қарай ауылдарда балаларға арналған 1 600 үйірме ашылмақ ниетте. Сонда оған дейін ауыл тұрғындары қайтпек?

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдай­дағы Қазақстан: іс-қимыл кезе­ңі» атты Жолдауында бүгін­гідей аумалы-төкпелі заман­да балалардың күш-жігері мен қызығушы­лығын дұрыс арнаға бағыттау аса ма­ңызды екенін ескерткен. Тіпті, Мәдениет және спорт министрлігіне арнайы тапсырма да жүктеген болатын. Ол аз десеңіз, сол арқылы әкімдердің жұ­мысын бағалайтынын баса айтқан. Міне, содан бері ауыл­дағы мәдениет саласы қызмет­кер­лерінің жанайқайына билік құлақ түре бастады.

«Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне баса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы кезінде мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз ету­дің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квази­мемлекеттік компа­ния­лардың бюдже­ті­нен миллиард­таған теңге тиімсіз жұм­салуда.

Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына кел­­тірген жөн. Онда жастарымыз қол­өнер­­дің және шығармашылықтың бас­­тапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аума­лы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс ар­наға ба­ғыттау аса маңызды. Балалар мем­леке­тіміздің болашағы емес пе?! Әкім­дердің жұмысын осы өлшем бойынша да ба­ғалаймыз», деген еді Мемлекет басшысы.

Шынында, ауылдағы мәдениет пен спорт саласының мәні кетіп бара жат­қаны белгілі. Кадр тапшы­л­ығы қолбайлау. Қаладан маман шақырайын десе жалақысы аз. Жарытып айлық бермеген соң, білікті мамандар  шағын елді мекеннен іргесін аулақ ұстайды. Ауылдағы бар маман баласы үшін азған­тай ақшаны қанағат тұтып, жоқ­ты бар қылып көрсетіп келе жатыр. Мемлекетіміздің өркендеуі алдымен ауыл­дан басталуы шарт. Оны бір кездері Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айт­қан-тұғын. Бірақ сол бағытта жүйелі жұмыс жүргізілмеген соң бәрі бекер емес пе?

Жақында Мәдениет және спорт министр­лігі Мәдениет комитеті төраға­сының орынбасары Күміс Сейітова Шығармашылық үйірмелердің бекітіл­ген тізіміне 9 бағыт бойынша 59 түрі енгізіл­генін мәлім етті.

«Өңірлер қарқынды жұмыс істеуде. Мем­лекеттік тапсырысқа міндетті түр­де 3 тарап қатысады. Бірінші тарап – облыс­тардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының мәдениет бас­қар­малары, олар заңнамада оператор ретінде белгіленген. Олардың негізгі функциясы – өнімді іріктеу, бө­лін­ген қаражатты бөлу және балалар кон­тингентін белгіленген тәртіппен жи­нақтау. Екінші тарап – үйірмелер қыз­метін ұйымдастырушылар, яғни өнім беру­шілер. Оған айқындалған талаптарға сәй­кес келген кез келген кәсіпкер қатыса алады. Үшінші тарап – балалар, ата-аналар, қамқоршылар... Бүгінде өнім берушілер тіркелді. Мысалы, Алматы облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында балаларға ваучерлер беріліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр», деді К.Сейітова.

Оның айтуынша, ваучердің қол­данылу мерзімі 10 жұмыс күні және ұзар­тылмайды. Осы уақыт ішінде вау­­черде көрсетілген баланың заңды өкілі және өнім беруші шарт жасасады. Баланың сабақты дәлелді себепсіз қатарынан 3 рет өткізуі, шығармашылық үйірмеге бару регламентін сақтамауы өнім берушінің біржақты тәртіппен шартты бұзуына негіз болады. Сонымен қатар, оператор жеткізушіге ай сайын көрсетілген қызметтер фактісі бойынша әрбір бала үшін төлем жүргізеді. Келу табелі заңды өкілдің электронды қолтаңбасымен расталады.

Бүгінде елімізде 3 212 қолданбалы шығармашылық үйірме, балаларға арналған әуесқой бірлестіктер мен клубтар жұмыс істейді. Ең көп үйір­ме Алматы облысында тіркелді. Байқаған­дарыңыздай саны сын көтермейді, ал сапасы ше? Сапасы туралы әңгімені атал­ған аймаққа қарасты Балқаш ауданы, Бақбақты ауылдық Мәдениет үйінің директоры Бақыткүл Қайыпбаева айтып берді.

«Бұрынғыға қарағанда ауылдағы мәдени нысандар жыл сайын жанданып, түрленіп келе жатыр ғой. Тәубе! Десе де әлі де жолға қойылмаған мәселелер жоқ емес. Мысалы, кадр тапшылығы. Еден жуушы бағбанның қызметін қатар алып жүруге тура келеді дегендей. Оны бір деңіз. Әртүрлі үйірмелер ұйымдастырғанымызбен бөлмелерге ауыл балалары сыймайды. Қосымша сабаққа қызығушылар өте көп. Кейде ойлаймын, кітапханаға арнап үлкен бөлме бергенше, жаттығу залын кеңірек қылып салса болар еді деп. Себебі қазір оқырмандар электронды кітап арқылы, үйінде отырып-ақ керегін іздеп табады. Сондай-ақ спортпен шұғылданатын арнайы құрылғылар аз. Олардың сапасы төмендеу. Залдың тарлығынан екі-үш адамнан артық жаттығу жасай алмайды. Қызықты үйірмелер ұйымдастырайық десек білікті мамандарға қолымыз жет­пей отыр. Бұл жағдайлар алдағы уақытта шешіледі деген ойдамын», дейді Б.Қайыпбаева.

Қазіргі уақытта ауылдарда барлығы 12 000 шығармашылық үйірме жұ­мыс істейді. Оның ішінде 115,2 мың бала шұғылданатын балалар мен жасөс­пірімдерге арналған 9 000 үйірме бар. Қосымша шығармашылық үйірмелер ашу және балалар мен жасөспірімдердің сапалы бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 2021 жылы алғаш рет мемлекеттік шығармашылық тапсырыс енгізілді. 2025 жылға дейін респуб­лика бойынша ауылдық елді мекендерде қосымша 1600 үйірме ашылады. Нәти­жесінде, қосымша 42 мың бала мемлекеттік шығармашылық тапсырыс­пен қамтылмақ екен. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер саны 10 600-ге жетеді. Бұл – алдағы уақыттың құрғақ жоспары.

Былтыр Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұлова спорт секцияларын ашу және балалар үйірмесінің қызметін қалпына келтіру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган­дардың пікірін ескеретінін айтқан еді.

«Жол картасы шеңберінде «Дене шы­нықтыру және спорт тура­лы», «Мәдениет туралы» заңдарға өзгеріс­тер мен толықтырулар енгі­зіп, ең­бек ұжымдарымен спорт секция­ла­рының желісін кеңейту, балалар мен жасөспірімдер, дене шынықтыру клуб­­тарының жұмысын жандандыру, балалар үйірмесін ашу бойынша тұжы­рымдаманы республикадағы барлық мәдениет ұйымының іс-шаралар жоспарына бекіту шаралары көзделген. Қазір «Білім туралы» Заңға тиісті түзетулер енгізу, қосымша білім беруді жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру шаралары жайлы мәселе пысықталуда», деген болатын.

Тіпті аталған заңға тиісті өзгеріс енгізілгеннен кейін заңға тәуелді норма­тивтік-құқықтық актілерге де түзету енгізілетінін де мәлімдеген. Осылайша, мектепке дейінгі тәрбие беру, орта, техникалық және кәсіптік орта, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржы­ландыру әдістемесі сияқты «Қосымша қаржыландыру әдістемесі» әзірленген. Онда есептеу алгоритмдері, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі және жергілікті бюджеттен қаржыландырудың нақты тетіктері айқындалатын болады. Ал биыл болса:

 «Ауыл тұрғындары үшін заманауи, жайлы әлеуметтік-мәдени және спорт­тық орта құру, ауылдық елді мекен­дерде тұратын балалардың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту –министр­ліктің басты міндеті. Бүгінде ауылдық жерде 6 мыңнан астам мәдениет ұйымы бар. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында «Жұмыспен қам­ту жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдар­ламасы, жергілікті бюджет, жеке инвес­тиция тарту және мемлекеттік-жеке­шелік әріптестік тетік­терін пайдалану есебінен 748 ин­фра­құрылымдық жоба іске асырылады. Оның ішінде 180 жаңа мәдениет нысанының құрылысы мен 568 нысанға жөндеу жүргізіледі», деп хабарлаған болатын ведомство басшысы.

Атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, әйтсе де әттеген-ай дейтін тұстарымыз әлі де бар. Бірте-бірте жөнге келеді деген сенімдеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз мәдениет сала­­сында жұмыс істейтін азаматтарға жет­кілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз» деп бекер айтқан жоқ. Расымен солай. Әсіресе ауылдағы өнерлі ағайын елеусіз қалып келеді. Осы күнге дейін елдік руханиятқа тіреу, спортқа сүйеу болған сол аядай ауылдан шыққан дарынды жас­тарымыз еді. Мұны уақыт та дәлелдеді. Еңдеше ұлттық мұрат жолында аян­бай еңбек еткеніміз абзал.