• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Маусым, 2021

Кеден қоймалары дайын ба?

389 рет
көрсетілді

Санаулы күндерден кейін аяқкиім өнімдерін цифрлық таңбалау міндетті шараға айнал­мақ. Қазір осыған да­йындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ретте кеден қой­ма­лары Қазақстанға сырт­тан импортталатын аяқкиім өнімдеріне Data Matrix кодын енгізу барысын сынақтан өткізуде.

Міндетті цифрлы таңбалау енгі­зілгеннен кейін аяқкиім импорттау­шылары өнімге Data Matrix кодын енгізуі тиіс. Оны бірден өндіріс ба­­рысында немесе Қазақстанның ке­­ден қоймасында енгізуге болады. «ALG Company» ЖШС бас ди­рек­­­то­рының орынбасары Данияр Иб­раев­­­тың ­айтуынша, компанияның кеден қоймасы аяқкиім саласындағы жаңа ережелерге сақадай сай.

– Таңбалау қолданыстағы процестерге әсер етпейді. Тек қойма аясын­да жүзеге асырылуы қажет қо­сымша операциялар пайда болады. Бү­гінде ынтымақтаса жұмыс істейтін им­порттаушылардың өнімдерін өң­деуге арналған аймақтар дайын­дап жатырмыз. Процесс нақты импорт­таушылардың жеткізу көлеміне бай­ланысты жүргізіледі. Өйткені өнім­дердің көлемі әртүрлі. Алайда бұл жұ­мысты қиындатады деп ойламаймын. Цифрлы таңбалау нарықты «кө­леңкеден» шығару үшін қажет еке­­нін түсініп отырмыз. Бәріміз ашық­­­т­ыққа ұмтылуға тиіспіз, – дейді Д.Ибраев.

Кеден қоймасының қызметі үшін импорттаушы жалпы көлеміне бай-­ ланысты бір жұпқа 30 теңгеден 300 теңгеге дейін қаржы төлемек. Сонымен қатар бұл сомаға жөнелту, сақтау, буып-түю, стикеттеу, сканер­леу және есепке алу секілді қосымша шы­ғындар кіреді. Орташа есеппен ал­ғанда импорттаушылар үшін таң­балау шығындары бір жұп аяқ­­­- киім құнының 0,1-2,5 пайызын құ­рай­ды.

Кеден қоймасындағы таңбалау процестерін импорттаушылардың өз­дері де сынақтан өткізді. Олардың арасында 2006 жылдан бері әртүрлі тауар топтарын жеткізумен айналысатын «Алтын Promotion» компа­ниясы да бар.

– Заңсыз сатушылар жұмысы­мыз­ға кедергі келтіруде. Біздің зерттеуі­міз бойынша, олар қазір нарық көлемінің 80 пайызға жуығын «жаулап» алып отыр. Олар сертификаттаумен айна-­ лыспайды, кедендік рәсімдерден өтпейді. Қысқасы, адал жұмыс істеуге құлықсыз. Ал біз салық төлейміз. Олар салықтан жалтарып отыр. Бұ­лай болмауы керек. Ереже бәріне ортақ, – дейді «Алтын Promotion» ком­па­ниясының директоры Алтын Қандыбаева.

Импорттаушының пікірінше, Data Matrix кодын енгізудің аяқкиімнің түпкілікті бағасына әсері шамалы. Өйткені бағаға бірінші кезекте жүк тасымалдаушылардың қызметі ықпал етеді. Биыл олардың қызметі қымбаттады.

– Біз сала өкілдерінің таңбалаудың негіздері мен мақсаттары туралы жал­пы түсінігі қалыптасқанын бай­қап отырмыз. Әрине, сұрақтар жоқ емес, бар. Біз өз тарапымыздан цифр­лы таңбалауды енгізу үдерісін сүйе­мелдеуді жалғастыруға және бизнес­тің барлық сауалына жауап беруге дайынбыз. Импорттаушылармен, аяқ­- киім өндірушілермен, сатушылармен арнайы вебинарлар өткізіледі. Сондай-ақ кедендік қоймалар мен кәсіп­орындар да таңбалау процесін пы­сықтап жатыр, – дейді Цифрлық эко­номиканы дамыту орталығының бас­қарушы директоры Олжас Бек­тұров.

Еске сала кетейік, тауарларды цифр­лы таңбалау Еуразиялық эко­но­ми­калық одақ аумағында жүзеге асы­рылатын жоба болып саналады. Қазақстанда темекі өнімдерін мін­детті таңбалау 2020 жылдың 1 қаза­нынан бастап енгізілді. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектерді, алкогольді, сүт өнімдерін және жеңіл өнеркәсіп тауар­ларын цифрлы таңбалау бо­йынша қанатқақты жобалар жүзеге асырылуда.