• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Маусым, 2021

Елордада Қ.Ахмедьяровтің 75 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

338 рет
көрсетілді

«Астана Опера» театрында   Қаршыға Ахмедьяровті еске алуға арналған «Күмбірле, асыл домбыра» концерті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Концерт Қаршыға Ахмедьяровтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильммен басталды.

Осы кеште Ғалым Ахмедьяров, Айтқали Жайымов, Дина Хамзина, Азамат Жылтыркөзов, Руслан Баймурзин, Айтжан Тоқтаған, Жұмабек Қадырқұлов, Батырлан Әбенов, Еділ Басығараев, Досым Мақсұтов, Дарын Құдайбергенов және тағы басқа өнерпаздар композитордың мол мұрасын тыңдарман назарына ұсынды.

Танымал қазақстандық музыканттармен қатар концертке Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің қырыққа жуық әртісі қатысты. Қазақ халық композиторларының көптеген шығармаларын өңдеу және өз пайымынша түрлендіруден бөлек, Қ.Ахмедьяров өзінің төл туындылары – «Шашақты найза шалқар күн», «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Аққайың», «Желдірме» және тағы басқа күйлері мен әндерін мұраға қалдырды.