• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Маусым, 2021

АҚШ Филлипинге қару сатуға келісім берді

177 рет
көрсетілді

АҚШ әкімшілігі F-16 жойғыш ұшақ­тарын, Sidewinder мен Harpoon зымырандарын Филлипин үкіметіне 2,5 млрд АҚШ долларына сататынын растады.

АҚШ әкімшілігі F-16 жойғыш ұшақ­тарын, Sidewinder мен Harpoon зымырандарын Филлипин үкіметіне 2,5 млрд АҚШ долларына сататынын растады. Бейсенбіде АҚШ тарапы Филлипин­мен серіктестік бойынша келісімді жаңар­татынын, соның аясында қару-жарақ сатуға келісім бергенін мәлімдеді. Пен­тагонның хабарлауынша, Филлипин үкі­меті 10 F-16C Block 70/72 ұшағын және 2 F-16D Block 70/72 ұшағын сатып алуға ұсыныс білдірген. Бұл арсенал оқыту-жаттықтырумен бірге есеп­тегенде 2,43 млрд АҚШ долларына баға­ланады. Дегенмен, әзірге ұшақтардың Фил­липинге сатылғаны туралы ресми мәлімет жоқ. Филлипин президенті Родриго Дутерте былтыр ғана Қытаймен тығыз қарым-қаты­нас орнатып, АҚШ-тың сыртқы саясатын сынға алған болатын. Ол сонымен қатар Фил­липиннің кейбір жерінің Қытайға өтуіне АҚШ-ты кінәлаған. Стратегиялық және халықаралық білім орталығының Теңіз қауіпсіздігі бойынша сарапшысы Грегорий Полинг Дутертенің бұл шағымы АҚШ Филлипинге сапасыз қару сатқандықтан, осындай ойға келді деп болжайды.