• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Маусым, 2021

Қара теңіздегі кикілжің

259 рет
көрсетілді

23 маусымда Қара теңізбен Одессадан Бату­миге бағыт алған HMS Defender эсми­неці трансшекаралық сулар үстінен жүзіп өт­­кен. Ресей Федерациясының шекара әс­ке­рі кемеге хабар беріліп, одан кейін ескерту ретінде оқ ат­қан.

23 маусымда Қара теңізбен Одессадан Бату­миге бағыт алған HMS Defender эсми­неці трансшекаралық сулар үстінен жүзіп өт­­кен. Ресей Федерациясының шекара әс­ке­рі кемеге хабар беріліп, одан кейін ескерту ретінде оқ ат­қан.10 минуттан кейін Су-24М жойғыш ұша­ғы кеме бағыты бойынша әуе бомбаларын тастаған. Қара теңіз флотындағылар оқ атылғанын рас­тады.Ресей тарапы оқиғаның бейнежазбасын жариялады. Онда ресейлік шекарашының ағыл­шын тілінде: «Британиялық эсминец, Ресей Федера­циясының шекарасына кір­меңіз, бағытты өзгертіңіз. Мен оқ атамын», дегені естіледі.Алайда Британия тарапы оқиғаны жоққа шығарды. Британия Қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясы аумағына қарай ешқандай кеме бармағанын, Ресейдің сол себептен оқ атуы мүмкін еместігін алға тартты. Үкімет басшысы Борис Джонсон ресейлік шекарашылар айтып отырған эсминецтің Қырым жерінде жүргенін айтты.Ұлыбританияның Ресейдегі Қорғаныс мәселелері бойынша атташесі Ресей Қорға­ныс министрлігінің халықаралық әскери серіктестік басқармасына шақырылды. Министр­лік өкілі дипломатқа Ресей позиция­сы түсіндіріліп, 23 маусымда орын алған заң бұзу жайы ескертілгенін хабарлады.