• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2021

Журналистер қайраткерге айналды

161 рет
көрсетілді

Өмірімнің ең бір шуақты да қуатты жылдарын журналистикаға арнаған адаммын. Осынау қасиетті мамандықтың киесін кетірмеу, тұнығын лайламау азаматтық ұстанымыма айналды. Қалам қарымымыз, жастық жалынымыз баспасөз айдынында өтті. Қоғам айнасын айшықтап, күнделікті өмір тынысын газет арқылы халыққа жеткізіп отырдық. Қолына қалам ұстаған іні қарындастарымды, балаларымды кәсіби мерекесімен құттықтағым келеді.

«Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы, бас басылым, төре газет, төбе газет, ел газеті» дей­міз, қалай айтсақ та, төлбасы болған «Egemen Qazaqstan» – баспа­сөздегі алғашқы институтымыз. Сонау Алаш арыстары дүниеге әкелген «Қазақ» газетінің заңды мұрагері болған бұл басылым шын мәніндегі жаңа әдебиетімізді өркендетуді, туған тілімізді байытуды, мәдениетімізді мәуе­лендіруді сала-саласымен жүр­гізіп келе жатқан бас басылым екенінде дау жоқ. Асылы, ол ана тілімізді дамыту, көркем ойы­­мызды өрістету жолындағы мектеп болды. Бұрынырақта бір жиында «газеттің өзі бір күндік, сөзі мың жылдық» деп айтқаным бар еді. Шынында да газет сөзі – тасқа басылған тарих. Жылдарды жылға жалғастыратын шежіре. Ал жүз жасаған «Егемен» – тірі тарихымыз, ғасырлық шежі­реміз. Басылымның кө­термеген тақырыбы, қоз­ға­маған мәселесі, бармаған саласы жоқ деуге болады. Көбірек оқимын. Көз нашар, екі көзім де әйнек болғанымен, күнделікті келетін поштаның бірін қал­дырмай, тұтас қарап шығамын. Республикалық газет­тің бәрі келеді үйге. Қалай оны оқы­маймын? Тың дүние оқы­ған сайын бұрын бі­летінім түк­ке тұрмайтындай көрінеді. Әдетте қаламгер қауымы жазушы және журналист деген бір-біріне тілектес, бір-бірімен ниеттес екі топтан тұрады. Жазушы қиял сауып, ойдан оқиға құрап, кейіпкер жасайды. Екіншісі өмірде болған оқиғаны баяндап, оған қатысты адамдарды қарекет-қимылымен көрсетіп, деректендіріп, ақиқатын жазады. Заман өзгерді, қоғам жаңғыр­ды, соған сәйкес журналистке деген көзқарас та өзгерді. Қазір­гі журналист хабар-ошар ғана жазып жұртшылықты жа­ңа­­лықтармен ғана таныстырып отыратын тілші емес. Биік мін­берлерден ой толғап, елді ертеңге жетелейтін қайраткерге, шындық үшін жан ұрып, жар салатын күрескерге айналды. Өмірде олар араласпайтын сала, олар қатыспайтын шара жоқ. Бізде осындай журналистер өсіп келе жатыр. Сондықтан оларға хабар-ошар тасушы деп қарамай, қайраткер деп қарау керек.Алғашқы адымынан қазаққа қазақ атын қайтарып берген бұл газет төл тарихынан айырылып қала жаздаған халқымыздың тарихын тірілтіп күрескерлік, еңбеккерлік рухымызды асқақ­тата түсуге тиіс. Ал бұған жас қалам­герлер белсене атсалысатынына сенімім кәміл! Сарбас АҚТАЕВ,жазушы