• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2021

Дараның бірі болған Дорофеев

190 рет
көрсетілді

Аты жаман індет, адамзатты аласапыран күйге салған екі жыл ішінде қазаққа қалтқысыз қызмет қылған небір тарландарды арамыздан алып кетті. Сондай ірі азаматтардың қатарында 25 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның түрлі БАҚ-тарында еселі еңбек еткен Михаил Дорофеев болды.

Қырық тоғыз жыл ғұмырында қазақстандық белгілі журналист, Informburo.kz сайты мен 31 арна­дағы «Информбюро» бағ­дар­лама­сының редакторы М.До­ро­феев шы­нымен отандық жур­на­­лис­тика­ның өркендеп қанат жа­юы­на ора­сан зор қызмет еткен тұлға болатын.Еңбек жолын Атырау облысын­да бастаған, кейін респуб­ли­калық КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мега­по­лис» газет­терінде жұмыс істеген оның мамандығына адал кәсіби жур­­налист болғанын Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Дорофеев дү­ниеден озғанда оның отбасына жолдаған жеделхатынан да аңғаруға болады. «Ол өз ісінің кәсіби маманы еді, үл­кен жұмыс тәжірибесі болды. Ол Қазақстан Республикасы Пре­­зи­денті жүлдесінің БАҚ сала­сын­дағы лауреаты, Жур­на­лис­тика академиясының акаде­мигі, Ұлт­тық сенім кеңесінің мү­ше­сі болды. Михаил Дорофеев отан­дық медиа саланың дамуына зор септігін тигізіп, сапа мен кәсіп­қойлықтың жаңа стандарттарын енгізуге үлес қосты», деді Тұңғыш Президент.Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да журналист М.Дорофеев өмірден озғанда өзінің фейсбуктегі парақшасында: «Михаилді жеке танитын едім, оның өмірден озуы – отандық жур­­на­листика үшін өте ауыр қаза. Оның көптеген достары болды, бәрі оны жақсы көрді және құр­мет­теді, кәсіби және адами қасиет­­терін қадірледі. Бәріміз оны сағы­натын боламыз», деп жазды.Жақсының аты өлмейді деге­ні­мізбен, ірі тұлғалардың, кәсіби мамандардың орны әрқашан ойсырап тұрады...