• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Маусым, 2021

Оңтүстікте бензин неге тапшы?

418 рет
көрсетілді

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде бензин тапшылығы орын алып отыр. Энергетика министрлігі мәселе жақын күндері шешіледі деп сендірді.

Энергетика вице-ми­нистрі Әсет Мағауовтың ай­туын­­ша, Қазақ­станда бен­зин мен дизель­дің қоры жеткі­лікті. – Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысындағы электр энергиясына қатысты проблемаларды ескере отырып, мұнай өнімдерінің қал­­дық­тарын жинақтау жөнінде ш­е­шім қабылданды. Сондай-ақ жыл басынан бастап бензин, дизель отыны секілді мұнай өнім­дерін шетелге экспорттау­ды тоқтаттық. Бұдан бөлек, сұйық отынды автокөлікпен әке­туге тыйым салу туралы бұй­рық шыға­рылды. Жыл со­ңына дейін көп көлемдегі мұ­най өнім­дерін экспорттауды күтіп отырған жоқпыз. Жинақ­тал­ған қор бензин экспортын 2021 жылдың қазанынан ерте бастауға мүмкіндік береді, – деді Ә.Мағауов Орта­лық коммуни­кациялар қызметінде өткен брифингте. Мұнай өнімдерінің қорын жинақтау үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жөн­деуді 2021 жылдың наурыз айының соңынан мамыр­дың басына ауыстырды. Жөндеу жұмыстары басталар алдын­да қажетті көлем жи­налып, іске қосылғаннан кейін мұнай өңдеу зауыты тәулігіне 6,5 мың тонна бензин мен 6 мың тонна дизель отынын шығара бастады. Ә.Мағауовтың пікірінше, бұл көлем оңтүстік өңірдің қажеттілігін өтеуге жетіп тұр. Деректерге сүйенсек, оңтүс­тік облыстарда шамамен 5,3 мың тонна бензин мен 5,6 мың тонна дизель отыны тұтынылады. Десе де, Шымкент мұнай өңдеу зауытынан өнімді жө­нел­ту бойынша белгілі бір дең­гейде логистикалық қиын­дық­тар туындаған. Соның салда­рынан тәулігіне тиісті көлем­нің жартысы ғана тиелген. – Қазіргі уақытта мәселе реттелуде. Министрлік жақын күндері темір жол арқылы 4,3 мың тонна бен­зин мен 4,2 мың тонна ди­зель отынын жөнелтуді жос­парлап отыр. Шымкент мұнай ба­засы арқылы 1 200 тонна бензин мен дизель отыны құбыр желі­сі көлігімен тиелетін болады. Ал­дағы бірнеше күнде Шым­кент пен Түркістанға қатыс­ты жағ­дай тұрақталады. Одан кейін Алматы мен Қызылор­да облыс­тарын­да­ғы жағдай реттеледі, – деді Ә.Мағауов. Энергетика министрлі­гінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылғы 5 айдың қоры­тындысы бойынша еліміздегі мұнай өңдеу көлемі 6,7 млн тоннаны құрады. Оның ішін­де Павлодар мұнай-химия зауыты 2 млн 389,9 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Про­дактс» 1 млн 863,4 мың тонна, Атырау мұнай өңдеу зауыты 2 млн 119,7 мың тонна, «CASPI BITUM» 343,3 мың тонна, «Конденсат» компаниялар тобы 27,4 мың тонна өнім өңдеген. Бес айдың қорытындысы бойынша 1 млн 852,7 мың тонна бензин, 1 млн 878,8 мың тонна дизель отыны, 204,9 мың тонна авиаотын және 1 млн 061,3 мың тонна мазут өндірілген.