• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Білім 29 Маусым, 2021

«Серпіннің» септігі

330 рет
көрсетілді

Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы әлеуметтік-саяси маңызы бар жобалардың бірі «Серпін» бағдарламасы 2014 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осы уақытқа дейін бағдарлама аясында Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен 7 мыңнан аса жас келді.

Бұл мәліметті Facebook-те жазған Солтүстік Қазақстан облы­сының әкімі Құмар Ақ­сақалов Елбасы бастамасымен қолға алынған «Серпін» бағдарламасын сәтті жоба ретін­де атап өтті.Әкімнің айтуынша, 7 жылда өңірге оңтүстік облыстардан 2 мыңнан аса қыз-жігіт келді. Олар жатақханамен қамтамасыз етілді, тегін әрі сапалы білім алуда. Бүгінде мыңға жуық жас диплом алды. Серпіндіктерді еңбекпен қамту үшін көмек көрсетіледі. Университет түлек­терінің 92%-ы облыс­та қалып, жұмысқа тұрды. Мы­салы, осы жылдың түлек­тері өңірде жаңа ашылып жатқан кә­сіп­орындарға жұмысқа орналасуда. Жаңа электртехникалық зауытына 31 серпіндік жұмысқа алынды. Төрт түлек CLAAS ауыл ша­­руа­шылығы техникасы зауытына қабылданды. Түлектер ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика, білім беру, темір жол салаларының дамуына өз үлестерін қосуда.Серпіндіктердің облыс­та қалып, елге қызмет етуіне бар жағ­дай жасалуда. «Серпін» тү­лектері солтүстікте шаңырақ көте­ріп, отбасы құрып жатыр. Жас отбасыларда 10 кішкентай азамат дүниеге келді.

«Егемен-ақпарат»