• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Маусым, 2021

Қазақстан – Өзбекстан елдері арасындағы өнер театрларының шығармашылық кездесуі өтті

280 рет
көрсетілді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және астана күніне орай  «Елорда – өнер өлкесі» атты Қазақстан – Өзбекстан елдері арасындағы өнер театрларының шығармашылық кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында бауырлас өзбек елінің беделді өнер адамдары келіп, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өз өнерлерін көпшілікке паш етті.

Атап айтқанда, Өзбек Ұлттық академиялық драма театры Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері ұсынған, «Иман» қойылымын көрермендер назарына ұсынды.

Іс-шараға қазақстандық тараптан актер, режиссер, театр педагогы Тұңғышбай  Жаманқұлов сынды белді қайраткерлер қатысты.

Ал көрші елден келген мәртебелі мейман актёр, режиссёр, продюсер Ёдгар Сагдиев алдағы уақытта Қазақстанмен тығыз мәдени-рухани байланыста болып, бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

Мерейлі іс-шараға қатысқан Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев алғаш рет елордада Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және астана күніне орай ұйымдастырып отырған өзбек театрының жұмысына сәттілік тіледі:

- Бұндай іс-шаралар  Елбасының, ел Президенттерінің атқарып жатқан жұмысының арқасында екі елдің қарым қатынасын жақсартады деп білемін, – деді депутат.