Алматыда көркем гимнастикадан Қазақстан кубогы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер арасында көпсайыс бойынша Көркем Ербосынқызына (Шымкент) тең келер ешкім болмады. Екінші орын Аида Бауыржановаға (Нұр-Сұлтан) бұйырды. Үшінші орынды Александра Шаметко (Талдықорған) мен Дарья Ясинская (Қарағанды) бөлісті.
Ерлер арасында бірінші орынды Ілияс Азизов (Алматы) иеленді. Фарух Набиев (Шымкент) екінші болып жайғасса, Диас Тойшыбек (Шымкент) қола жеңіп алды.