Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшелері ресейлік спортшылармен Ақтауда бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшылар жалпы физикалық дайындықты жақсартуды қолға алған. Сондай-ақ жаттығу жиынының бағдарламасы бойынша техникалық, теориялық және психологиялық тұрғыда шеберліктерін шыңдауда.
Ресейлік Урал тау-кен компаниясының клубы мен отандық бапкерлердің сөзінше, осындай бірлескен оқу-жаттығу жиындары спортшыларға пайдалы. Мұндай жаттығулар спортшылар арасында тәжірибе алмасып, техника-тактикалық дайындықтарын жаңартуға мүмкіндік береді.