• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Шілде, 2021

Ауыл шаруашылығы жерлерін сақтау маңызды

359 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жер қаты­настарын дамыту туралы заң біз үшін өте маңызды. Өйткені жерді жалға алғанымен, пайдаға асырмай жүрген кәсіпкерлеріміз жетерлік.

Ал жер 1-2 жылдан кейін сапасын, құнарын жоғалтады. Сон­дықтан жерді пайдаға асырмаған кәсіпкерлерден жер телімінің алынуы дұрыс деп есептеймін.

Әкімдіктердің бақылау функ­ция­ларын министрлік дең­гейі­не өткізу де маңызды. Әкім­дік жер­гілікті атқарушы орган болға­ны­мен, мәселе жоғары деңгейде реттелуі керек. Себебі әкімдіктермен «келісу»­ ар­қылы жемқорлықтың орын алу мүмкіндігі жоғары.

Жердің сатылмай, жалға берілуі де дұрыс шешім. Өйткені жер –  халықтың меншігі. Мұның идео­логиялық түрғыдан да мәні биік. Халықтың сана-сезіміне әсері үлкен.

Тағы бір айтарым, ауыл шаруа­шылығы жерлерінің бас­қа бағытта қол­данылмауы да қол­дайтын ше­шім. Өйткені біздің бау-бақшаны аман алып қалу мүм­кіндігіміз жо­ғарылайды. Бәрі­міз көріп жүр­ген­дей, бау-бақ­шаны қалталы кісі­лер сатып алып, бірың­ғай байлар тұра­тын жерге айналып бара жа­тыр. Енді бұл реттеліп, ауыл ша­руа­шы­лы­ғына арналған жер өз реті­мен қол­данылмақ.

 

Нұрлан ӨТЕШЕВ,

Республикалық кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары