Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілуде. Онда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірлеген eGov mobile мобильді қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде электронды «вакциналау паспортының» жаңа нұсқасы ұсынылды.
Азаматтарға вакциналаудың барлық кезеңінен өткеннен кейін 3 тілде қолжетімді электронды құжат беріледі.
Электронды құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі сұрау салушы тарапқа QR-кодты ұсына алады, бұл құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі. Кодты сканерлеу кезінде пациенттің вакциналаудан өткені туралы дербес деректердің таралуын қорғау мақсатында анықтамадағы деректер жасырылған (деректердің бір бөлігі ***белгіленген) пациенттің вакциналануы туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны пайдаланушының телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатымен бөлісу мүмкіндігі бар.
еGov mobile мобильді қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде орналастырылған вакциналаудың электронды паспортын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамның вакциналануын растау үшін медицина қызметкері медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінен басып шығарған қағаз жеткізгіштегі анықтаманы ұсыну мүмкіндігі бар.