• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2021

Алматыда қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғандар ұсталды

1629 рет
көрсетілді

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Саты» шекара бөлімшесінің аумағында қызыл кітапқа енген өсімдікті заңсыз жинаған азаматтар қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ шекара наряды өсімдіктермен бірге үш дана ұларды тауып тәркіледі.

«Қос оқиға да 8 шілде күні орын алған. Алдын ала келіп түскен ақпаратқа сай әрекет еткен шекарашылар түнгі сағат 12:40 шамасында Жалаңаш-Алғабас тасжолының бойында Қазақстан Республикасының қос азаматы мінген көлікті тоқтатқан. Жеңіл көлікті тінту нәтижесінде ішіне белгісіз өсімдіктер салынған 30 қапшық табылып, тәркіленді. Салмағы шамамен 300  келіні тартады. Кейіннен белгілі болғандай, бұл – еліміздің қызыл кітабына енген «Макратони красячая» деп аталатын өсімдік болып шықты», дейді ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі Тамара Дәулетбаева.

Сонымен қатар көліктен үш ұлар табылған. Олар өздерінің заңсыз әрекеттерін «Саты» шекара бөлімшесінің учаскесіндегі мемлекеттік шекарадан 20 шақырым жердегі Далашық деп аталатын аумақта іске асырған. Қолға түскендердің бірі шекарашыларға қарсылық танытып, қашуға тырысқан.

«Дәл сол күні кешкі алтылардың кезінде шекара наряды «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық саябағының қызметкерлерімен бірлесіп, Жіңішке шатқалының бойынан төрт азаматты ұстады. Шекарашыларға өздерінің жеке бастарын куәландыратын құжаттарын көрсете алмаған азаматтардың көлігінен де қызыл кітапқа енген өсімдіктің түрі салынған бес қапшық табылып, тәркіленді», дейді Тамара Дәулетбаева.

Қазіргі сәтте шекара аймағында құрықталған азаматтар «Жалаңаш» шекара бөлімшесіне жеткізіліп, тексеру жұмыстары басталды.