• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Шілде, 2021

Атыраудағы емхананың есепшотынан 70 млн теңге ұрлағандар сотталды

332 рет
көрсетілді

Былтыр Атыраудағы №1 қалалық емхананың есепшотынан 70 млн теңге ұрланған еді. Жақында аталған қылмыстық іске қатысты күдіктілерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2019 жылы 25 желтоқсанда Д.Т. кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатында Алматы облысының Талдықорған қаласында «Lab service plus 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тіркеген. Содан кейін А.А. есімді азаматпен және сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталмаған белгісіз тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы  2020 жылғы 13 шілдеде Алматы қаласында банктен шот ашып, банкоматтық карточка мен онлайн банкинг кілтін алған. Солжылдың 3 тамызында белгісіз тұлғалар сағат 16:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта №1 Атырау қалалық емханасының қаржы-шаруашылық қызметінің ақпаратына заңсыз қол жеткізіп, бухгалтерияның қашықтықтан ақпараттық қол жеткізу жүйесіне рұқсатсыз кірген. Онда емхана үшін жоқтөлемдер жасап, №1 Атырау қалалық емханасының  есепшотынан  «Lab service plus 1» ЖШС-тің есепшотына және сотталушы Д.Т.-ның жеке шотына COVID-19 қарсы күреске бөлінген қаражат есебінен 70 000 000 теңге ақшаны аударған. Кейін соңғысы ақшаны қолма-қол шешіп алып, №1 Атырау қалалық емханасына жоғарыда көрсетілген сомада мүліктік зиян келтірген» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Д.Т. мен А.А. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 4-бөлігі, 3) тармағымен (Ұрлық, яғни алдын ала адамдар тобымен сөз байласу арқылы, аса ірі мөлшерде, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру жолымен, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) кінәлі деп танылды.

Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескере отырып, Қылмыстық Кодексінің 55-бабының 2-бөлігімен Д.Т-ға 6 жыл 6 ай, А.А-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.