• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Шілде, 2021

Талибтер қысымды күшейтті

817 рет
көрсетілді

Шілденің басында 1 037 ауған жауынгері мен офицері, үкіметтің жақтастары Тәжікстанмен шекарадағы Пяндж пункті арқылы көрші мемлекетке қоныс аударды. Бұған себеп Ауғанстандағы талибтер қысымының артуы. 

Тәжікстан шекарашылары серіктес­­тік туралы келісім бойынша елге өтуге рұқсат берді. Ауған­стан­­дық­­тар Душанбеге келісімен: «Өз өмі­рімізді құтқару үшін осыған бардық», деп мәлімдеді.

Мемлекет күштерінің өкілдері өздерін құтқаруды маусымда бас­тап кеткен. Олардың алғашқы легі, яғни 200-ден астам жауынгер 2 мау­сымда Тәжікстанға өткен-ді. Бас­қа­лары Әмудария арқылы Өзбек­станға қайықпен кеткен. Нақты саны жарияланбағанымен, ол топ та 200 адамнан тұрғандығы болжанып отыр. Өзбекстан үкіметі қашып келгендердің 53-і тексерістен кейін Ауғанстанға қайтарылғанын хабарлады.

Ресми емес деректер бойынша Өзбекстанның арнайы қызметі босқындар арасынан кезінде осы елден радикалды топтар қатарында соғысуға кеткен азаматтарды табуға тырысуда. Олар террористік топ деп танылған әл-Каида, Ислам мемлекетінің мүшелері болуы мүмкін.

Дәл осындай «тазалау» Тәжік­стан­да да жүргізіліп жатуы мүмкін. Деген­­мен, себебі басқа болуы да ға­жап емес. Өйткені қашып келгендер қа­тарында бұрынғы Тәжікстан қару­лы оппозициясының мүшелері болуы мүмкін деген болжам бар. Олар – 1990-жылдардың ортасындағы азамат­тық соғыс кезінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға қарсы шыққандар.

Қандай жағдай болсын, жауын­гер­лердің топ болып өз елінен қашуы – бірінші рет болып отырған жағ­дай. Сарапшылар мұндай оқиғаны Ауған­стан президенті Ашраф Гани әкім­ші­лі­гінің сәтсіз жұмысының нәти­жесі деп бағалайды. Ол АҚШ пен НАТО әскері елден кеткеннен кейін жағ­дайды бақылаудан шығарып алды деген пікір айтады.

Бұқаралық ақпарат құралдары талиб­тер елдің солтүстігінен үкімет әс­керін ығыстырып жатыр деген хабар таратып жатыр. Кей уездер мен про­винцияларда қарулы қақтығыстар болған. Ал Бадахшандағы жауынгерлер еш қарсылықсыз берілген. Осы­лайша, Гани үкіметінің жұмылдыру бағдарламасы жүзеге аспай қалды.

Президент Ганидің тағдыры туралы болжам жасау қиын. Кейбір сарапшылар тіпті ол БҰҰ миссиясының кеңсесінен талибтер қуып шыққан Наджибулланың тағдырын қайталайды деген де болжам айтады.

Осы ретте Гани тағы да АҚШ көмегіне жүгінуі мүмкін. Тіпті бұл мәселе талқыланып қойған болу керек. Ал әзірге Гани әкімшілігі бірнеше ай бойы Катар астанасында «Талибан» жетек­шілерімен мезгіл-мезгіл кез­десіп отырды, бірақ айтарлықтай жетіс­тік­терге қол жеткізе алмады. «Талибан» содырлары ұрыс алаңында үлкен жетістікке жеткендіктен, пікірталас күшейе түскен сияқты.

Жексенбіде Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысының делегация­лары Дохада тағы кездесті. Катар ас­тана­сындағы екі күндік нәтижесіз келіс­сөздерден кейін бейбіт келіс­сөздерді жеделдету жоспарланғаны ғана мәлім болды. Негізі, кездесудің алдында «екі тарап келісімге кел­мейінше келіссөздер жалғасады», деп уәде берілген-ді.

Кабул үкіметінің жоғары лауазымды тұлғалары, оның ішінде Ұлттық тұтастық жөніндегі Жоғарғы кеңестің басшысы Абдулла Абдулла екі күн бойы қарқынды келіссөздер жүргізді. Онда АҚШ-тың өз әскерін аймақтан шығаруына байланысты мәселелер де қарастырылды.

Бірақ келіссөз жүргізген Катар өкілі: «Тараптар азаматтардың құрбан болуының алдын алу үшін жұмыс істейміз деп келісті, бұл бұрын келі­сіл­ген атысты тоқтату шарттарына сәйкес келмейді», деген мәлімдеме жасады.

«Талибан» лидері Хайбатулла Ахундзада оның тобы соғысты тоқтатудың шешімін табуға дайын екенін айтты. АҚШ әскері аймақтан кеткен бойда қысым көрсеткеніне қарамастан, Ауғанстан үкіметін осындай жиындарда «уақытты бос өткізді», деп айыптап үлгерді.

Не дегенмен, Ислам әлемі үшін маңызды саналатын Құрбан айт мерекесі кезінде оқ атпау туралы ұсынысқа оң жауап берілмеді. Оған қоса, Ауғанстан үкіметінің тұтқын­дар­ды босату жөніндегі өтініші де жауапсыз қалды.

Бұған дейін араб ақпарат құралдары Дохадағы ауғанаралық келіссөздерге қатысушылар 20 шілдеде басталатын Құрбан айт мерекесі кезінде бі­тім ор­натуы мүмкін, сондай-ақ жеті мың тұт­қын босатылады деген хабар таратқан.

Қазіргі уақытта бұл топ елдің 400 ауданының жартысына жуығын, бірнеше маңызды шекара өткелдерін басқаруына алды және бірқатар провинция астанасын қоршауға алғаны белгілі.

Ауған қауіпсіздік күштерінің өкілі үкіметке қарсы шыққан содырлар 244 операция жасап, 967 жауынгерді өлтір­ге­нін мәлімдеді. Қаза тапқандар қа­та­рын­­да лауазымды тұлғалар да бар екен.

«Қазіргі уақытта біз 24 ауданды қайтардық,  біздің мақсатымыз – бар­лық аймақты түгелдей қайтару ... Біз елімізді қорғауға дайынбыз», деді Қорғаныс күштерінің өкілі Аджмал Омар Шинвари.

«Талибанның» күшейе түсуі әлем елдерін алаңдатып отыр. Мәселен, Ресей Мазари-Шарифте орналасқан кон­сулдығының жұмысын тоқтат­ты. Өзбекстан болса, шекарада лагерь ұйым­дастыруға кірісті. Ол Ауған­стан­ға жақын орналасқан Термезде құрылады.

АҚШ Қазақстанға да қолқа салды. Тәжікстан, Өзбекстанмен қатар, 9 мың босқынды паналатуға өтініш айтты.

«Талибанның» Ауғанстан солтүс­тігіне неге көз тіккені көпші­лік үшін  түсінік­сіз. Өйткені елдің солтүстік бөлі­гінде пуштундар тым аз. Ал пуштун­­дар «Талибанды» қолдайтыны бел­гілі. Аталған аймақты өзбектер, тә­жік­­­тер, түрікмендер көбірек қоныс­тан­­ған. Сарапшылар енді талиб­тер олар­­мен бірігіп, нығаюға көшуі мүм­кін деген қауіпте. Бұған қоса, Орталық Азия мен Ресейден келетін қару-жарақ тасы­малына нүкте қою себебі де болуы ық­тимал. Ал ең үлкен болжам есірт­кіге байланысты. «Талибан» Ауған­стан­нан өзге елдерге кететін есірткіні өз бақы­лауына алғысы келеді деген пікір бар.

«Талибан» ұзақ уақыт бойы бір­тұтас болып көрінді, тиімді қолбас­шылық арқылы әрекет етті және оның бө­лінуіне қатысты қауесеттерге қа­ра­мастан, күрделі әскери жорықтар жүр­гізді. Соған қарағанда «Талибан» көшбасшысы үкіметпен келісімге қол қойған күннің өзінде уәдесінде тұра қоюы екіталай деген болжам да жасалып отыр.