Жапонияның Нарита және Ханэда әуежайларында дүйсенбіден бет әлпетті толық тану жүйесі енгізілді. Енді халықаралық саяхатшылар төлқұжат пен әуе билеттерін көрсетпей-ақ жолжүгін тіркеп, қауіпсіздік бақылау-өткізу пунктінен өте алады.
Жолаушыларды ұшаққа отырғызу процесін жылдамдатып, олардың жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған Face Express жүйесі бойынша жолаушылар әуежайға келгеннен кейін төлқұжат пен отырғызу талондарын тіркеу кезінде суретке түсуі қажет. Нарита халықаралық әуежайының хабарлауынша, арнайы терминалдардың көмегімен керекті деректер енгізілгеннен кейін жолжүкті тіркеу кезінде, бақылау-өткізу пункттеріне кірер бетте және ұшаққа отырғызу кезінде жолаушы автоматты түрде тексерістен өтеді.
Жүйе оны сәуір айында Нарита әуежайының қызметкерлері сынақтан өткізгеннен кейін барып толық қолданысқа енгізіліп отыр. «Бұл сондай-ақ саяхатшылар, әуежай мен ұшақ қызметкерлерінің арасындағы тікелей байланысты азайтып, індеттің таралуын азайтуға көмектеседі», дейді әуежай операторы. Жолаушылардың жеке мәліметтері, оның ішінде суреттері құпиялылықты қорғау мақсатында тіркелгеннен кейін 24 сағат ішінде жойылып отырады.