• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Шілде, 2021

«Жас маман» жобасы – кәсіби дамудың негізі

1270 рет
көрсетілді

Жаңаөзен қаласында орналасқан Оразмағанбет Тұрмаған­бетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде «Компрессорлық стансалар мен жер асты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету», «Технологиялық процестерді автоматтандыру» мамандығы бойынша «Жас маман» жобасы аясында заманауи және халықаралық өндірістік талаптарға сай шеберханалар ашыл­ған болатын. Ондағы оқу жабдықтары мен қондырғылар мем­лекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс өткізу арқылы са­тып алынды.

Бұл мамандықтардың таң­далу себебі – автоматтандыру және энергетика қазіргі таңда әлемде орын алып жатқан жаппай цифрландырудың негізі болып саналады. Бұл колледждің іргесінде құзыреттілік орта­лы­ғын ашуда ең басты мақ­саты колледж базасын маман­дыққа қойылатын жаңа та­лап­тардың пайда болуына сәй­кес жаңғырту, шеберханалар аумағын кеңейту және білім алушылардың өндірістік талап­тарға дайын маман болып қа­лып­тасуына оңтайлы жағдай жасау және осының әсерімен осы мамандық бойынша білім беру бағдарламасына түбегейлі оңтайлы өзгерістер енгізу болды. Көп ұзамай колледж Нұр-Сұлтан қаласындағы «Талап» КеАҚ ұйымының қатысуымен өз жобасын қорғап, Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік бюджетті ұтып алды.

Шеберхана қарастырылған бюджеттің шектеулі қалыбына сәйкес білім алушылардың ма­мандығына қойылатын барлық дағдылар мен құзырет­тіліктерді толық қамтитындай етіп жасақ­талған және студенттерге ор­талықта тек қана «Бақылау өл­шеу аспаптары және автоматика слесарі», «Электрмон­таж­даушы» бі­лік­тілігін ғана емес, «Электромеханик» біліктілігін алып шығуына жағдай жасалған. Орталық «Индустрия 4.0» ке­зеңіндегі даму тенденциясына сәйкес етіп жасақталғандықтан оның республика көлемінде  аталған мамандық бойынша оқытатын колледждерде тең­десі жоқ. Бұл – өндірістік талаптар­дан озық инновациялық шешімдері бар мамандардың қалыптасуына, өндіріс орындарында тек қана өз қызметтік функцияларын толық орындап қана қоймай, сол өндірістің дамуына ықпал ететін және өндірісті модернизациялауға қабілетті мамандар болып шығады деген сөз.  Өйткені қазіргі таңда әлем­нің техникалық прогресс пен технологиялық дамуы аясында туындап жатқан өндіріс орындарын жаппай цифрландыру мәселесі еліміз үшін де маңызды.

Орталықтағы жабдықтар  Siemens, Emerson, Fanuc, Festo, Mathworks әлемдік деңгейдегі алпауыт өндірушілерінен тікелей жеткізілді және заманауи соңғы өндірістегі қондырғыларымен жабдықталды. Оқытушылар орталықты оқу жабдықтарымен жабдықтау барысында жұмысшы мамандардың халықаралық деңгейдегі Worldskills талаптарын да ескерген. Осының нәтижесінде білім алушылардың халықаралық деңгейдегі маман­дыққа қойылатын талаптарына сай кәсіби шеберлігін арттыра түсуіне зор мүмкіндік туып отыр.

«Жас маман» жобасы ая­сын­да жасақталған оқу орта­лығында халықаралық сарапшылар және мамандармен бірге халықаралық оқыту курстары мен шеберлік чемпионаттарына қатысқан шәкірттер 30-ға жуық халықаралық дең­гейдегі сертификаттарға ие болып отыр. Бұл – өндіріс орын­дарында техникалық сауатты, озық технологияларды меңгерген жоғары білікті болашақ инженерлер құрамын қалыптастырады деген сөз. Сондай-ақ орталықтан шыққан жұмысшы мамандар еліміздегі осы мамандық бойынша ең үл­кен мәселе болып саналатын өндіріске технологиялық және инновациялық шешімдерді енгізе алатын техникалық сауатты мамандардың жетіспеу­шілігінің орнын толтырады.

Қазіргі таңда өндіріс орын­дарындағы мамандардың айтуы бойынша автоматтандыру біліктілігін алып шыққан мамандарда автоматтандыру жүйелерін іске қосу және баптау, автоматтандыру жүйелерін модернизациялау бойынша жаңа жүйелерді өндіріске енгізу дағдылары қалыптаспаған. Бұл мәселенің туындау себебі – республика көлеміндегі орта кәсіптік білім беруші орындарда автоматтандыру мамандығында білім алушыларға цифрлық технологиялардың пайда болуына байланысты бағдарламалау және компьютерлік жүйелерде автоматтандыру интерфейстері мен ақпаратты тасымалдауға арналған байланыс жүйелерін меңгерту дағдыларын білім беру бағдарламасына енгізіл­мегендігі. Дамыған шетелдік мемлекеттердегі орта кәсіптік білім беру орталықтарында автоматтандыру мамандығында білім алушыларға осы дағды­лар мен білімдер кеңінен қа­рас­тырылған, сондықтан ол аймақтарда осы мамандықты тәмамдаушылар өндірістік орындарға толығымен дайын маман болып қалыптасып шығады. Осы мәселелер Жаңаөзен қа­ласындағы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде де қамтылып, «Жас маман» жобасы арқылы іске асырылады деп сенеміз. Біз өз мамандарымыз арқылы ел аумағында инженерлік өндіріс саласында тапшы мамандарды даярлап, ел дамуына үлес қосамыз.

 

Таңат УСКИМБАЕВ,

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі директоры