• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 27 Шілде, 2021

Жеке деректер желіге тарап кетті

1006 рет
көрсетілді

Қазақстандық қолданушылардың Telegram-аккаунтындағы 30 мыңнан астам жеке дерегі желіге тарап кеткен.

Бұл туралы «Мемлекеттік тех­никалық қызмет» АҚ-ның KZ-CERT Компьютерлік инцидент­терге әрекет ету қызметі хабарлады.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ KZ-CERT Компью­терлік инциденттерге әрекет ету қыз­меті Интернеттің қазақ­стан­дық сегментіне мониторинг жасау барысында Telegram-ак­каунт­тардың бірінен Telegram мессенджерін қолданушылардың жеке деректері туралы 744 мың жазба жинақталған файлды тапты. Талдау барысында файлда қолданушының ID-і, аты, тегі, телефон нөмірі және «өзім туралы» бағанындағы қолданушының жазбасы сынды жеке деректер бар екені анықталды. Оның ішінде 30 мың аккаунт қазақстандық телефон нөмірлеріне тіркелген болып шықты», деп мәлімдеді «Мем­лекеттік техникалық қыз­мет» АҚ KZ-CERT баспасөз қызметі.

Файл табылған Telegram-ар­наның авторы оны  «Глаз Бога» плат­формасының клиенттер базасынан деп берген. Бұл арнаның 1 млн-нан астам қолданушысы бар. ТМД елдеріндегі ең ірі сер­вис болып саналатын канал ақпараттарды әлеуметтік ж­елілерден, мессенджерлерден сұрау салу арқылы және іздеу жүйелері се­кілді басқа да дерек­көздерден жи­нақтайды.

Дербес деректердің осылай желіге таралып кетуі иесіне зиян келтіреді. Мұндай жеке деректерді бөгде адамдар әлеуметтік инже­нерияда ақпарат алу құралы ре­тінде қолдануы немесе жеке банк­тік деректерді алу мақсатында қо­ңыраулар соғу, хабарламалар жө­нелту ретінде пайдалануы мүмкін.

«Осыған байланысты Интер­неттің барлық сегментін пайдаланушы  қазақстандықтарға айтарымыз, кибергигиенаны қатаң сақтаңыздар. Интернетте жеке дербес деректерді енгізу кезінде әсі­ресақ болып, қырағылық танытқан жөн және үшінші тұлғаларға жеке деректер туралы ақпаратты таратпауын сұраймыз», дейді мамандар.

Еске сала кетсек, компью­терлік инциденттерге әрекет ету ор­талығы (KZ-CERT) – ком­пью­терлік қауіп­сіздік қауіптерінің алдын алуда пайдаланушыларға кон­суль­татив­тік және техникалық қолдауды, компьютерлік инциденттер жө­ніндегі ақпараттарды жинау мен талдауды қамтамасыз ететін бірыңғай орталық.

 

«Егемен-ақпарат»