• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тарих 27 Шілде, 2021

Сегізсай жауһарлары

847 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысындағы Сегізсай көне обалар кешенінде көпжылдық археологиялық зерттеулер кезінде табылған жәдігерлер жеке жинақ болып шығады.

Сегізсай кешені Батыс Қа­зақстан облысының Шың­ғырлау, Қаратөбе аудандары аумағында орналасқан. Сақ-сармат заманына тиесілі 400-дей көне қорған орналасқан бұл жер бүгінде еліміздің Жалпыұлттық киелі нысандары тізіміне енген. Кеңес өкіметі тұсында, 1960 жыл­дар­дан бастап қаз­ба жұ­мысы жүргізілген бұл оба­лар­дан табылған бұ­йым­дарды кезінде Мәскеу мен Ленинградқа, Алматы мен Орынборға алып кеткен. Жергілікті халық пен өлке­та­нушылар өз жерінде қан­дай қазына жатқанын біл­мей де келген болатын.

– Сегізсай (Лебедевка) ке­шенінде археологиялық қаз­ба жұмыстары 1967 жылдан бері жүргізіліп келген. Біз тек 2019 жылы ғана ал­қаптың топографиялық жос­парын жасаттық. Сөйтіп, мұн­­да 348 ескерткіш нысан бар екені анықталды, оның 218-і бұған дейін қазылғаны белгілі болды. Мұнда 25 ғұ­рып­тық орын, 323 оба бар. Біз­дің ендігі жоспарымыз – осы қазбадан табылған жәді­герлердің толық тізбесін жасау. Ол бұйымдардың қайда сақталғанын анықтап, суретке түсіріп, болашақта арнайы каталог шығаруды көздеп отырмыз, – дейді Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Жантас Сафуллин.

Жоғарыда айтылғандай, бұл жәдігерлер Орал, Ал­ма­ты, Нұр-Сұлтан, Мәскеу, Пе­тербор т.б. қалалардағы му­зейлерде сақталған. Жа­қында оралдықтар Нұр-Сұл­тан қаласындағы Ұлттық музейге хат жолдап, Сегізсай ке­шені бойынша көрме мен қор­лардағы сақталған жәді­герлердің тізбесін беруін, суретке түсіруді сұраған екен. Бұл тілек орындалған. Мына су­ретте Ұлттық музей­де сақ­талған Сегізсай бұйымдары бейнеленген.

Сегізсай қазынасын тү­гендеу, жергілікті халық­тың игілігіне айналдыру мә­селесін жиі көтеріп жүр­ген жанашырдың бірі – Шың­ғырлау аудандық та­ри­хи-өлкетану музейінің мең­ге­рушісі Тілеген Қалиев болатын. Жақында Тілеген Кен­жетайұлының бастамасымен, аудан басшылығының қол­дауымен Самара-Шымкент ха­лықаралық жолының бойында биіктігі 5 метрлік ескерткіш-белгі орнатылатын болды. Өл­кенің он мың жылдық та­рихынан сыр шертетін, аң сти­ліндегі ескерткіш көп­ші­ліктің көзайымына айналатын уақыт алыс емес.

 

Батыс Қазақстан облысы