• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2021

Атыраулық медбике жалған вакцина паспортын жасаған

855 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, Атырау қаласындағы емханалардың бірінде медбикенің жалған вакцина паспортын жасағаны анықталды. 

«Қазір жалған вакцина паспортын жасауға жол бермеу үшін барлық екпе бекетінде бейнебақылау камералары орнатылды. Медицина қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соған қарамастан, облыс әкімдігі және полиция департаментімен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде медбикенің жалған вакцина паспортын жасағаны анықталды. Бұл – жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет»,  дейді Қайсар Абдалиев.

Қазір кіші буын медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.