• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2021

Павлодарда 200-ден астам жалған вакцина паспорты тәркіленді

304 рет
көрсетілді

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының полиция қызметкерлері 200-ден астам жалған вакцина паспортын тәркіледі, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қаласы емханаларының бірінде төрт медицина қызметкері электрондық базаға жалған мәліметтер енгізу арқылы вакцина паспортын қолдан жасағаны анықталды. Іс-шара барысында 200-ден астам жалған паспорт тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың ұялы телефоны алынды, сондай-ақ жұмыс орнында тінту жүргізілді. Нәтижесінде техникалар мен құжаттамалар тәркіленіп, тиісті сараптама тағайындалды.

«Қазіргі уақытта Павлодар облысының Полиция департаменті COVID-19 вакцинациясының жалған паспортын сатып алған және одан әрі пайдаланған адамдарды анықтап жатыр. Оларға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, ҚР Қылмыстық кодексі 385-бабының 3-бөлімі бойынша жалған құжатты пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылады», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.